Тіршілік қауіпсіздік негіздері
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІ нысанға эсер етуі (адамға жэне тағы басқаларға) кеңістіктің эрбір нүктесінде оның қарқындылығына (I) жэне экспозиция ұзактылыға(т) жэне тағы басқаларына байланысты. E(X,Y,Z) =f(I, т) (1) Мұндағы Е - x,y,z координаттармен кеңістіктік нүктедегі эсер ету факторы. Эсер ету факторы ағынының нысанға әсерінің нәтижесі ағынныц құрылымымен параметрлеріне байланысты, сондай - ақ нысанның қүрылымына да байланысты. Кез келген ағын мөлшерінің минималды дәрежеден максималдыға дейін өзгеруі «адам - тіршілік ету ортасы» жүйесіндегі бірқатар эсер ету жағдайына себепкер болуы мүмкін: - Қолайлы (оптималды) - ағындар оптималды эсер ету жағдайына сәйкес келгенде, оптималды қызмет жэне тынығу жағдайын қалыптастырады: жоғарғы дәрежедегі жүмыс кабілеттілігінің пайда болуы; коршаған орта компоненттерінің жэне адам денсаулығының сақталуына кепілдік болады. - Жол берілетін - ағындар адаммен қоршаған ортаға эсер ету барысында денсаулыққа жэне қоршаған ортаға зиянды эсер етпейді, бірақ, адам іс- әрекетінің, қызметінің қарқынын төмендете отырып қолайсыз жағдайларға алып келеді. Жол берілетін эсер ету жағдайын сол дәрежеде ұстап түру аркылы адаммен қоршаған ортаға эр түрлі зиянды үрдістердің пайда болуына жэне дамуына жол бермеудің кепілдігі болады. - Қауіпті - ағындар мөлшері жол берілетін немесе шектеулі дэрежеден жоғарылап жэне адам денсаулығына қолайсыз эсер етеді, ұзақ эсер ету барысында эр түрлі аурулар пайда болады немесе табиғи ортаның деградациясына алып келеді. - Аса цауіпті - жоғарғы деңгейлі ағындар кысқа уақыт аралығында адамның жарақаттануына немесе өлімге алып келуі мүмкін, ал табиғи қоршаған орта үшін өте үлкен ауытқулар алып келеді. Жоғарыда аталған адаммен қоршаған орта арасындағы төрт әрекеттесу жағдайының ішіндегі тек екеуі ғана (қолайлы жэне жол берілетін) күнделікті тіршілік етудің оң жағдайларына сәйкес ~ и ~
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==