Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Алдыңғы бөліктегі бүкпені алдыңғы бой бүкпесінің орнында немесе алдыңғы бөліктің ортаңғы сызығынан 17-18 см қашықтықта орналастырады. Соңғы жағдайда бүкпе ендігін 0,5 см азайтады және сол шаманы отырғызу түрінде таратады. Бүкпе ұзындығы 8-10 см. Тік силуэтте (негізгі сызбада) белдемшенің етек сызығының кеңеюі 6-8 см құрайды. Бұл шаманы бүйір сызыққа қатысты келесідей пайыздық қатынаста таратады: Алдыңғы бөлікке - 65-70% және артқы бөлікке 30-35%. Алдыңғы бөліктің бүйір қиықтарын бөксе сызығынан бастап жоғары және төмен артқы бөліктің бүйір қиықтары бойынша теңестіреді, сызбада көрсетілгендей етегі мен бел сызығын безеңдіреді, содан кейін олардың сәйкестігін тексереді. Артқы бөліктің ортаңғы сызығына және бүйір қиықтарына етек сызығы деңгейінде 4 см ұзындықтағы перпендикуляр тұрғызады және сол сызық бойынша етек сызығын теңестіреді. Қынамалы силуэтті көйлектің незігі сызбасын (1 негізгі сызба) құрастыру үшін есептеулер 7-кестеде берілген. 7-Кесте. Бел сызығы бойынша кесілген қынамалы силуэтті көйлектің негізгі сызбасын құрастыру үшін есептеулер, 48 өлшем, IV бой Кесінді Есептеу формуласы және кесіндіні безендіру 1 толықтықтағы денебітім үшін формула бойынша есептеу, см Есептеу нәтижесі, см 2 толық тық 3 толық тық 4 толық тық 1 2 3 4 5 6 Артқы бой Бел сызығының деңгейі Д т.с + П д.т.с 40,4+1=41,4 41,3 41,2 41,1 Артқы бойдың ені Ш с + П ш.с 18,2+1=19,2 19,3 19,4 19,5 Артқы бойдың мойын ойындысының ені о ,5 а ш + П ш.г.с немесе С ш /3 + 1 см 0,5x11,5+1,5=7,2 18,3/3+1=7,1 7,2 7,2 7.2 7.3 7.2 7.3 Артқы бойдың мойын ойындысының тереңдігі Д т.сІ +П д.т.сІ 43,4+1=44,4 44,3 44,2 44,1 Иық биіктігі В п 6,4 (өлшем бойынша) 6,3 6,2 6,1 Иық ені Ш п 13,3 (өлшем бойынша) 13,3 13,3 13,3 38

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==