Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Артқы бөлік Алдыңғы бөлік Бүйір қиықтардың иілуі 0,35 ЕВ 0,25 ЕВ 0,40 ЕВ 0,45 ЕВ 0,20 ЕВ 0,35 ЕВ 30 сурет Артқы бөліктің ортаңғы сызығын тұрғызу үшін Т нүктесінен оңға көлденең сызық бойынша 0,5 см өлшейді. Бел сызығында алынған нүкте арқылы және бөксе сызығындағы Б нүктесі арқылы тік сызық жүргізеді, ол белдемшенің артқы бөлігінің ортаңғы сызығы болып табылады. Артқы бөліктегі бүкпе ендігін 0,5 см азайтады. Нәтижесінде 1 және 2 толықтықтар үшін бұйымның бүкпе ендігі артқы бөлікте мынаған тең: 0,35 ЕВ - 0,5 см 3 және 4 толықтықтағы бұйымдар үшін: 0,45 ЕВ - 0,5 см. 3 және 4 толықтықтағы дене бітімдер үшін белдемшенің артқы бөлігінде бір бүкпенің орнына әдетте екі бүкпе жасайды. Бірінші бүкпе ортаңғы сызықтан 9-10 см қашықтықта орналасады, оның ұзындығы 12-14 см; екінші бүкпе болған жағдайда ол бірінші бүкпеден 4 см аралықта бүйір қиық жаққа қарай орналасады, оның ұзындығы 11-13 см. Белдемшенің бүйір сызыққа қатысты бүйір қиықтарының иілуін келесі пайыздық қатынаста анықтайды: артқы бөлік жаққа - 35% және алдыңғы бөлік жаққа 65%. 37

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==