Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Екі тігісті белдемшенің негізгі сызбасын құрастыру. Белдемшенің негізгі сызбасын құрастыру үшін келесідей өлшем белгілер қажет: жартылай бел айналымы (С т ), жартылай бөксе айналымы (С б ), бүйірінен өлшенген бел сызығынан еденге дейінгі арақашықтық (Д сб ), алдынан өлшенген бел сызығынани еденге дейінгі арақашықтық (Д сп ) және бел сызығына дейінгі арқаның ұзындығы (Д т.с. ). Сызбаны құрастыру кезінде бел сызығы бойынша қосымшаны П т = 2 см және бөксе сызығы бойынша қосымшаны П б = 1-2 см есепке алады. Қағаз бетінің сол жақ жоғарғы бұрышында Т нүктесін қояды (29-сурет) және сол арқылы тік сызық жүргізеді. Т нүктесінен төмен бел сызығынан дейінгі арқаның ұзындығы өлшемінің жартысына тең кесіндіні өлшеп Б нүктесін қояды. ТБ = 0,5 Д т.с Т және Б нүктелері арқылы оңға қарай көлденең сызықтар жүргізеді, сәйкесінше олар бел сызығы мен бөксе сызығы болып табылады. Бөксе сызығы бойынша белдемшенің ені. Б нүктесінен көлденең сызық бойынша бөксе айналымының жартысына қосымшаны қосқан шаманы өлшеп С б +П б , алынған кесіндіні тік сызықпен шектейді. 35

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==