Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
Ш рук = О п + П о.п мұндағы, О п - иық айналымының өлшемі; П о . п - иық айналымының өлшеміне берілген қосымша. Жеңді қондыру шамасын жең енінің жартысынан қолтық ойындысы енін алып тастау арқылы анықтайды: 0,5 Ш рук - Ш пр Жең қонымдылығын жең түбі бойынша келесідей таратады (26-сурет): алдыңғы қиыққа (артқы бойға) 1-3 = 0,65 (0,5 Ш рук - Ш пр ); шынтақ қиығына (алдыңғы бойға) 2-4 = 0,4 (0,5 Ш рук - Ш пр ). Жең қонымдылығын таратудан алынған шамаларды тұйықталған қолтық ойындысынан солға және оңға өлшейді және қолтық ойындысы тереңдігі деңгейінде дайын жеңнің енін, немесе сызбада жең енінің жартысын алады. 3 және 4 нүктелерді тік сызықпен шектейді (штрихты үзік сызықтар). Содан кейін 3 және 4 нүктелерден оңға және солға сәйкесінше 3-1 және 2-4 кесінділеріне тең кесінділерді өлшейді. Штрихты үзік сызыққа сәйкес радиуспен айналы түрде қолтық ойындысының төменгі бөлігін бейнелейді. Тұйықталған қолтық ойындысына және жеңнің төменгі бөлігіне жанама сызықтар жүргізеді. Жанасу нүктелерінен қолтық ойындысында перпендикулярлар тұрғызып, сол жерде қонымдылықтың шамаланған шамасын өлшейді (27-сурет): артқы бойға - 1,8 см, алдыңғы бойға 1,5 см. Алынған нүктелер арқылы жабық қолтық ойындысына жанама сызықтар жүргізеді. Жең түбінің биіктігіне берілген қосымша шамасына ( П в.ок ) сәйкес жең түбін көтереді, одан кейін сызбада көрсетілгендей жең түбін безеңдіруге көшеді (жең түбінің ең биік нүктесінен, жанасу нүктесінен шыққан перпендикулярдың 2/3 арқылы, екінші жанама сызық бойынша П 3 және П 6 жазылған нүтелер арқылы байсалды сызықпен шеңберге). Жең түбі құрастырылды. Жеңнің ұзындығы мен оның төменгі енін (ұзын және қысқа жеңнің) үлгі бойынша анықтайды. Жеңнің сызбасы етек сызығы бойынша оңға қарай 2 см-ге жылжытылған, ортаңғы сызғына сәйкес симметриялы болуы тиіс (28-сурет). 25 сурет 26 сурет 34
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==