Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
ЕВ =Ш изд - (С т + П т ) мұндағы, Ш изд - кеуде сызығы бойынша бұйым ені; С т - жартылай бел айналымы; П т - жартылай бел айналымына берілетін қосымша. Бүкпелер ендігінің сомасы келесі арақатынасқа бөлінеді (24-сурет): Артқы бойға - 0,25 ЕВ; бүйір тігістегі бүгілуге - 0,30 ЕВ; алдыңғы бойға - 0,45 ЕВ (алдыңғы бүкпеге 0,30 ЕВ, бүйір бүкпеге - 0,15 ЕВ). Бел сызығында бүкпелердің орналасуы: артқы бойда - артқы бойдың ортаңғы сызығынан бүкпенің сол жағына дейінгі арақашықтық 10 см, бүкпе ұзындығы 17 см; алдыңғы бойда - алдыңғы бойдың ортаңғы сызығынан бүкпенің оң жағына дейінгі арақашықтық 9 см, бүкпенің ұшы кеуде ұшынан 1 см-ге төмен; алдыңғы бойдың екінші бүкпесі қолтық ойындысын шектейтін тік сызықта орналасады. Артқы бойдың бүйір қиығы артқы бойдың енін шектейтін тік сызықтан 4 см арақашықтықта орналасады. Жеңнің сызбасы. Негізгі сызбадан қолтық ойындысының сызықтарын көшіріп, оның жоғарғы бөлігін П 3 және П 6 жанасқан нүктелерінен бастап иілмелі сызғышпен тұйықтайды (25-сурет). 24 сурет Қолтық ойындысының қисық сызықтарының біріккен нүктесі жең түбінің ұшы болып табылады. Қолтық ойындысының енін мына формуламен анықтайды: Ш пр d n.3.p + П ш.пр Қолтық ойындысының төменгі бөлігін 23 бетте айтылғандай R 1 және R 2 радиустарының доғаларымен безеңдіреді. Қолтық ойындысы тереңдігі сызығының деңгейінде жеңнің енін Ш рук формула бойынша анықтайды: 33
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==