Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Кеуде ұшының орнын және биіктігін анықтайтын кесінділердің қиылысуы, кеуденің ең биік нүктесін анықтайды. Жоғарғы бүкпенің оң жағының орнын табу үшін мойын ойындысының ұшынан иық сызығында Ш п 1/4-тен 1/3-ке дейінгі шаманы өлшейді және алынған нүктені кеуденің ең биік нүктесімен қосады. Артқы бойдың иық қиығындағы бүкпе мен алдыңғы бойдың иық тігісіндегі бүкпе сәйкестену керек. Жоғарғы бүкпенің ендігін төмендегі формула бойынша анықтайды: 2(С гп - С гі ) - 1 және 2 толықтықтағы денебітімдер үшін; 2(С г п - С гІ ) +1 см - 3 және 4 толықтықтағы денебітімдер үшін. Содан кейін жоғарғы бүкпенің ендігін белгілейді және бүкпенің сол жағын оң жағымен теңестіреді (22-сурет). Бүкпенің ашық жағдайындағы иық қиығы ұшын табу үшін Ц г нүктесінен жоғарғы бүкпе жағының ұзындығына тең радиупен 1 доға жүргізеді. Иық қиығының қалған шамасына тең радиуспен бүкпенің сол жақ ұшынан 2 доғаны жүргізеді. Екі доғаның қиылысқан нүктесін бүкпенің сол жақ ұшымен біріктіреді (23-сурет). Қолтық ойындысының жоғарғы бөлігін безендіру үшін иық нүктесінен П 6 нүктесіне дейін бір қалыпты қисық сызық жүргізеді. Кеуде енін жіңішке жерінде тексереді. Жабық бүкпе кезінде ол Ш г + П ш.п тең. Егер осы шама жетіспесе, онда осы сызықтағы алдыңғы бойдың енін қолтық ойындысы жақтан қысқартады және қолтық ойындысының сызығын қайта теңестіреді. Қолтық ойындысының ені өзгермеу қажет. Қынамалы силуэтті бұйымдардың бел сызығындағы бүкпелер. Бел сызығы бойынша бүкпелер ендігінің сомасын ЕВ келесі формула бойынша есептейді. 32

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==