Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
Алдыңғы бойдың мойын ойындысының тереңдігі. Алынған көлденең сызықтан төмен тік сызықта (алдыңғы бойдың ортаңғы сызығы) алдыңғы бойдың мойын ойындысының тереңдігіне (0,45 С ш ) тең кесіндіні сызады. Мойын ойындысы сызығын безендіру үшін мойынның негізгі және мойын тереңдігі нүктелерінен (21-сурет) 0,45 С ш тең радиуспен доға жүргізеді. Осы доғалардың қиылысқан нүктесінен сол доғамен (R = 0,45 С ш ) мойын сызығын сызады. Иық нүктесі. Үшбұрыш сызады. Ол үшін мойынның негізгі нүктесінен тік сызық бойынша төмен өлшемдер айырмашылығын өлшейді: В п - (В ш.т В т.о.ш ) мұндағы, В п - иық биіктігінің өлшемі, В ш.т - мойын нүктесінің биіктінің өлшемі, В т.о.ш - мойынның негізгі нүктесі биіктігінің өлшемі. Алынған нүкте арқылы солға көлденең сызық жүргізеді. Ол сызықта мойынның негізгі нүктесінің ортасынан иық еніне Ш п тең радиуспен кертпе жасайды. Иық нүктесі алынады. Кеуде ұшы кеуденің ортаңғы сызығынан Ц г өлшеміне қосымшаны қосқан шамаға тең аралықпен анықталады: Ц г + П ц.г Кеуде биіктігі бел сызығынан аралық арқылы анықталады: (Д т.п - В г ) +0,7 П в.г мұндағы, Д т.п - алдынан өлшенген бел сызығының ұзындығы; В г - кеуде биіктігі; П в.г - кеуде биіктігіне берілетін қосымша. 20 сурет 21 сурет 31
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==