Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

бой үшін де бүкпесі ашылған иық қиығын дәл осылай сызады. Иық бүкпесінің ендігі өлшем айырмашылығының шамасынан (П к - Г тІ ) аз болады. Қолтық ойындысы тереңдігінің сызығы. А мойын нүктесінен төмен тік сызық бойынша артқы жақтан өлшенген қолтық ойындысының биіктігіне кеңдікке берілген қосымшаны қосқан (В пр.з + П г.пр ) шаманы өлшейді. Алынған нүктеден оңға қолтық ойындысының тереңдігін анықтайтын көлденең сызық жүргізеді (18 сурет). Қолтық ойындысының ені. Қолтық ойындысының тереңдік сызығы бойынша артқы бойдың енін анықтайты тік сызықтан оңға қолдың алдыңғы- артқы диаметріне қолтық ойындысы енінің қосымшасын қосқан (d n . 3 . p + П ш . пр ) кесіндіні өлшейді. Қолтық ойындысының төменгі бөлігін R 1 және R 2 радиустарының доғаларымен безеңдіреді: R 1 = 0,55 Ш пр - артқы бой бойынша; R 2 = 0,45 Ш пр - алдыңғы бой бойынша. П 3 - R 1 радиусының доғасы артқы бойдың тік сызығымен жанасқан нүктесі (18 және 19 суреттер), П 6 - R 2 радиусының доғасы алдыңғы бойдың тік сызығымен жанасқан нүктесі. Алдыңғы бойдың сызбасы. Көлденең сызық жүргізіп, алдын ала есептеуден алынған алдыңғы бойдың еніне тең кесіндіні өлшейді және осы кесіндіні екі тік сызықтармен шектейді. Ш пол = Ш г + (С гіі - С гі ) + П ш.п , мұндағы, Ш пол - алдыңғы бойдың ені; Ш г - кеуде ені, С гіі - екінші кеуденің жартылай айналымы; С гі - бірінші кеуденің жартылай айналымы; П ш.п - кеуде сызығы бойынша алдыңғы бойдың еніне берілген қосымша. Бел сызығын 20-суретте көрсетілгендей 1,5 см-ге төмендетеді. Алдыңғы бойдың мойын ойындысының ені. Оң тік сызықтан көлденең сызық бойынша алдыңғы бойдың мойын ойындысының еніне тең кесіндіні сызады, және алынған нүктеден жоғары тік сызық (штрихты) сызады. Алдыңғы бойдың мойын ойындысының ені төмендегі формула бойынша анықтайды: d jn „ С 1П „ П Ш . Г . П немесе ~ ь П ш . Г . П мұндағы, d ш - мойынның қиғаш диаметрі; П ш . г . п - алдыңғы бойдың мойын ойындысына берілген қосымша; С ш - жартылай мойын айналымы. Мойынның негізгі нүктесі. Бел сызығынан жоғары шрихты сызық бойынша мойынның негізгі нүктесінен алынан өлшенген бел сызығына дейінгі аралыққа қосымшаны қосқан ( Д т.пі + П д.т.пі ) шаманы өлшейді. Алынған мойынның негізгі нүктесінен оңға қарай көлденең сызық жүргізеді. 30

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==