Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

18 сурет Артқы бойдың иық қиығын 19 сурет Қолтық ойындысы тереңдігінің сызығы Артқы бойдың иық қиығын құрастыру үшін үшбұрыш сызады. Ол үшін мойынның негізгі нүктесінен төмен иық биіктігіне В п тең шаманы өлшейді. Алынған нүктеден оңға көлденең сызық жүргізеді. Ол сызықта мойынның негізгі нүктесінің ортасынан иық еніне Ш п тең өлшемнің шамасына тең радиуспен кертпе жасайды. Алынған П нүктесі - бүкпесі жабық иық нүктесі. Жауырын сызығының деңгейі. А нүктесінен төмен тік сызық бойынша 0,3(Д т.с + П д.т.с ) шамасына тең кесіндіні өлшейді және Л нүктесін қояды. Л нүктесі арқылы оңға көлденең сызық жүргізеді, яғни ол жауырын сызығы болады. Жауырын ортасы (Ц нүктесі) Л нүктесінен оңға көлденең сызық бойынша 0,5(Ш с + П ш.с ) шамасына тең аралықта орналасқан. Егер артқы бойдың ортаңғы тігісі болса, онда А нүктесінен оңға төмендегі формула бойынша анықталатын шаманы өлшейді: 2 - 0,4 немесе 0,5 см Мұндағы, П к - тұлға жағдайы; Г ті — белдің бірінші тереңдігі. Осы шамаға артқы бойдың мойын ойындысының сызығын оңға қарай ауыстырады. Артқы бойдың иық қиығының бүкпесі . Иық қиығын құрастыруда алынған үшбұрыштың төменгі жағын бүкпе ендігі және артқы бойдың иық қиығында жобаланған қонымдылық шамасында оңға қарай жалғастырады Ш п = 13,3 + 2,5 + 0,5 =16,3 см. Алынған П 1 - жобаланған бүкпесі бар нүкте. Иық қиығында Т о.ш нүктесінен иық ұзындығының 1/4 немесе 1/3 тең аралықта нүкте қойып, оны Ц (жауырын ортасымен) нүктесімен қосады, сызықты жоғары 1 см жалғастырады. Жоғарғы ұшынан төмен 9-11 см тең бүкпе ұзындығын өлшейді. Бүкпенің ендігі 2,5 см-ге тең. Одан кейін бүкпенің оң жағын сол жақпен теңестіріп, бүкпенің оң жақ ұшын П 1 нүктесімен қосады. Бүкпесі ашылған иық қиығының оң жақ ұшын алады. Ортаңғы тігісі бар артқы 29

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==