Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
Бұйымның негізгі сызбасын біртіндеп құрастыру Конструкцияның барлық сызбаларын тігіске және қайыруға берілетін қосымшаларсыз сызады. Артқы бойдың сызбасы. Бел сызығының деңгейі. Қағаздың сол жақ жоғарғы бұрышында денебітімнің мойын нүктесіне сәйкес келетін А нүктесін қояды (16-сурет). А нүктесінен тік сызық бойынша төмен жауырынның шығыңқылығы есебімен бел сызығына дейінгі арқаның ұзындығына қосымшаны қосқандағы шаманы белгілейді (Д т.с + П д.т.с ) және т нүктесін қояды. Артқы бойдың ені. Т нүктесінен оңға көлденең сызық жүргізіп, артқы бойдың еніне қосымшаны қосып өлшейді (Ш с + П ш.с ). Алынған нүктеден жоғары тік сызық жүргізеді. Артқы бойдың мойын ойындысының ені. А нүктесінен оңға қарай мойынның қиғаш диаметрінің өлшеміне артқы бойдың мойын ойындысының қосымшасын (0,5сІ ш + П ш . г . с ) қосқан шаманы көлденең сызық бойынша өлшейді немесе жартылай мойын айналымының 1/3-не 1 см қосқан шаманы (С ш /3 + 1 см) өлшейді. Артқы бойдың мойын ойындысының тереңдігі. Артқы бойдың мойын ойындысының енінен алынған нүктеден тік сызық жүргізеді (17-сурет). Бел сызығынан жоғары осы тік сызық бойынша бел сызығынан мойынның негізгі нүктесіне дейінгі аралықтың өлшем шамасына тең кесіндіге осы өлшемнің қосымшасын қосқан шаманы (Д т . сІ + П д . т . сІ ) белгілейді. Алынған нүкте мойынның негізгі нүктесіне (Т о.ш ) сәйкес келеді. Артқы бойдың мойын ойындысын бір қалыпты сызықпен безеңдіреді. 16 сурет Артқы бойдың сызбасы Артқы бойдың мойын ойындысының тереңдігі 28
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==