Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Жауырынның шығыңқылығы есебімен П д.т.с 1,0 арқаның бел сызығына дейінгі ұзындығы Арқадан өлшенген бел сызығынан мойын П д.т.сі 1,0 нүктесіне дейінгі аралық Алдыңғы жақтан мойынның негізгі П д.т.пі 1,5 нүктесінен бел сызығына дейінгі аралық Кеуде биіктігі П в.г 0,7 Кеуде нүктелерінің арақашықтығы П ц.г 0,3 Артқы бойдың мойын ойындысының ені П ш.г.с 1,0 Алдыңғы бойдың мойын ойындысының ені П ш.г.п 1,0 Иық ені П ш.п.с 0,5 Типтік өлшемдер бойынша негізгі сызбаны құрастыруға берілген ұсыныстар денебітімде бұйымның жақсы қонуын қамтамасыз ете алмайды. Мүсін ерекшеліктерін есепке ала отырып белгілі бір денебітімге сәйкес пішімді алдыңғы бойдың кеуде сызығы бойынша өзгерту пішімнің толық дайын болуының ең оңай тәсілі. Ол үшін кеуде нүктесі арқылы алдыңғы бойдың ортаңғы сызығынан бүйір тігісіне дейін көлденең сызық және иық қиығынан кеуде нүктесіне дейін кеуде ендігінің ортасы бойынша сызық жүргізеді (15-сурет, а). Түсірілген сызықтар бойынша алдыңғы бойды кесіп жылжытады немесе пішімдегі және өлшенген алдыңғы бой ұзындықтарының ( Д т.пі ) айырмасына тең шамаға бүкпені жабады. Алдыңғы бойды ұзарту (15- сурет, б) немесе қысқарту (15-сурет,в) алдыңғы бойдың ортаңғы сызығынан кеуде нүктесіне дейін кеуде сызығына параллель және ары қарай оны бүйір қиыққа қарай жоққа шығарып жіберу арқылы орындалады. Алдыңғы бой ұзарғанда бүкпе ендігі артады, ал ұзындық қысқарғанда - кемітеді. Бүкпе ендігінің және алдыңғы бойдың алдыңғы жағы бойынша өзгеруі бүйір қиығы мен қолтық ойындысы сызықтарының өзгеруіне әсер етпейді. 15 сурет Алдыңғы бойды ұзарту 27

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==