Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

7-Кесте. Иық айналымы бойынша П о.п қосымша Жең Қосымша, см Қолданылуы Жіңішке 2,5-3,5 Бүрдіктері бар жеңдер және етегі кеңейтілген жеңдер. Тоқыма бұйымдарының жеңдері Орташа 5 Функционалды және екі тігісті жеңдер Кең 6 3 тарау. Бел сызығы бойынша кесілген, қынамалы силуэтті көйлектің негізгі сызбасын құрастыру (1-негізгі сызба) Бұйым конструкциясының алдын ала есептелуі Кез келген үлгідегі көйлекті орындау үшін негізгі сызба болу қажет. Негізгі сызба дегеніміз бұйымның негізгі бөлшектер сызықтарының сызбасын айтады. Негізгі сызбаны сызу негізгі өлшемдер және конструкцияның жеке аймақтары бойынша кеңдікке берілетін қосымшаларды анықтаудан басталады (6-кесте). Негізгі сызбаны сызбас бұрын алдын ала жеке өлшемдер бойынша нымша мен жең конструкциясының жеке аймақтарын есептеп алу қажет. Егер 2 және 3 кестелерде берілген өлшем белгілердің шамалары жеке өлшемдерге сәйкес болса, онда соларды қолдана отырып есептеуді жүргізуге болады. Алдын ала есептеудің мақсаты кеуде сызығы мен жең ені деңгейінде конструкцияның жеке аймақтарының енін анықтау болып табылады. Төменде IV бой (164 см), 48 өлшемдегі, 1 және 4 толықтықтағы бел сызығы бойынша кесілген, қынамалы силуэтті көйлектің конструкциясын алдын ала есептеу тәртібі берілген. Алдыңғы бойдың ені, см: Ш п = Ш г + (С гп - Сгі) + П ш.п ; Ш п = 17,2 + (50,2 - 45,7) + 1 = 22,7 (1-толықтық); Ш п = 17,5 + (50,8 - 46,3) + 1= 23,0 (4-толықтық). Артықы бойдың ені, см: Ш сп = Ш с + Ш ш.с ; Ш сп = 18,2 + 1= 19,2 (1-толықтық); Ш сп = 18,5 + 1= 19,5 (4-толықтық). Қолтық ойындысының ені, см: 25

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==