Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

57 Қолдың алдыңғы-артқы диаметрі d n.3.p 12,8 13,0 0,5 -0,1 14,5 0,5 0,1 69 Қолдың тік диаметрі d B.p 12,1 12,2 0,2 0,1 13,0 0,2 0,1 74 Тұлға жағдайы П к 6,5 6,4 0 0,1 6,5 0 0,1 78 Бірінші бел тереңдігі Г тІ 4,7 4,6 -0,1 0,3 4,4 -0,1 0,3 79 Екінші бел тереңдігі Г тІІ 5,8 6,4 0 0,1 5,9 0 0,1 25 Бел сызығынан еденге дейінгі арақашықтық Д сб 106,7 107,0 0,1 4,3 106, 9 0 4,3 26 Алдынан өлшенген бел сызығынан еденге дейінгі арақашықтық Д сп 105,1 105,4 0,2 4,1 105, 5 0 4,1 2 тарау. Тігін бұйымдарын конструкциялауда есепке алатын қосымшалар. Бұйым конструкциясының сызбасын құрастыру үшін денебітімді өлшеп қана қоймай, сонымен бірге қажетті қосымшаларды таңдау қажет, себебі киім барлық жерде денеге бірдей қыналмайды. Демек, бұйымның әрбір өлшемі адам денебітімінің өлшеміне кеңдікке қажетті қосымшаны қосқанға тең. Үлгілеу тәжірибесіне сүйене отырып, кеңдікке қажетті қосымшаны ең азын (яғни, техникалық) алу керек, өйткені негізгі сызба құрастырылғаннан кейін конструктивті үлгілеу процесі басталады. Конструктивті үлгілеуде бұйымның силуэтін жасайтын қосымшаларды қолданады, яғни декоративті- конструктивті безеңдіру үшін қосымшаларды алады. Негізгі сызбаны құрастыру ұстанымы тұрақты және жайылған пішінінде денебітімнің бетін бейнелеу қажет. Силуэт дегеніміз, денебітімнің кеуде, бел, бөксе аймағында бұйымның қыналу дәрежесін және иықтың ені мен биіктігін, бұйымның етек кеңдігін сипаттайтын киімнің пішіні. Бұйымның тік силуэті бұйымның кеуде, бел, бөксе сызықтары бойынша бірдей енді қамтамасыз ететін қосымшалармен сипатталады, тік силуэт сән бағытына байланысты жұмсақ және қатты пішінді тіктөртбұрыштың кескініне жақын. Қынамалы силуэтті бұйымдар үшін декоративті-конструктивті безеңдірілуге берілетін қосымшалардың ең азы алынады. Қынамалы силуэтті бұйымдар бел бойынша тығыз қыналумен, нымша пішімінің және белдемше пішінінің жіңішкеден кең «күн» пішімге дейін әртүрлілігімен ерекшеленеді. Жартылай қынамалы силуэтті бұйымдар бел сызығының белгісіз орнына байланысты тік және қынамалы силуэттердің арасындағы аралық орын алады. Жартылай қынамалы силуэт денебітімді айқындамай, оның кескінің қайталайды және кеуде, бел, бөксе айналымдарының арасындағы айырмашылыққа байлынысты денебітім бойынша сырғитын тік сызықтармен ерекшеленеді. 23

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==