Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

ассортиментін, оны кәсіпорынның бөлімшелеріне бөлу, есепті кезеңдерде бұйымды шығару көлемін, құндық көрсеткіштерін анықтайды. Кәсіпорындарда өндірістік бағдарламаны құру үдерісі екі кезеңде орындалады: тапсырыстар портфелін қалыптастыру және оны өндірістік бөлімдерге бөлу [3]. Өндірістік бағдарламаны әзірлеу үдерісі , әрқашан өнімді шығаруды жоспарлау процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Өндірістік бағдарламаны ұсынудың әртүрлі тәсілдерін талдау, кез келген бағдарлама заттық, құндық көрсеткіштерінің жүйесі деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Өндірістік бағдарламаны жоспарлау қандай бұйымдар және қандай мөлшерде өндірілуі керек деген сұрақтарға жауап береді. Өндірісті жобалау және сату процесі міндетті түрде келісілуі керек және өндірістік қуаттылыққа байланысты, жоспарланған өнім көлемін шектеу ескеріледі. Оның жоғарғы шегі өндірістік аудандардың, технологиялық құрал - жабдықтардың, еңбек ресурстары, материалдық және капиталдық қолжетімділіктің болуымен байланысты. Өнімдерді сату көлемі тігін бұйымдарына деген сұранысқа немесе тұтынушы - ұйымдардың тапсырысына қарай анықталады. Осылайша, кез - келген кәсіпорын жұмыс істейтін екі негізгі нарық бар деп қорытынды жасауға болады: - тұтынушы (еркін) нарық - бұл жағдайда кәсіпорын өнімді іске асыру(өткізу) сұрақтарын өзі шешеді; - мақсатты нарық - бұл жағдайда кәсіпорын тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Бұл жағдайда оның икемділігіне қойылатын талаптар өте жоғары – белгілі бір өнім көлемін нақты қойылған мерзімде шығару қажет. Бұл ерекшелігіне байланысты өндірілетін өнімнің ассортиментін жобалау әдісі, яғни өндіру тәсілі анықталады. Кәсіпорынның бағдарламасы деп – стратегиялық мақсатқа жетуге бағытталған іс—әрекеттің бірізділігін атайды [4]. Өндіріс бағдарламасының қалыптасуы бүкіл кәсіпорынның ұйымдастырылуына шешуші әсер етеді. Өндірістік бағдарламаны қалыптастырудың негізгі бес әдісі ұсынылады. Өндірістік бағдарламаға ассортиментті жобалау әдісі «Қоймаға» өндірісі «Тапсырыс бойынша» өндірісі «Қойма» мен «тапсырыс бойынша» аралас өндіріс Фирмалық жекелеп сату дүкендер желісіне арналған өндіріс Ірі және шағын сериялы мульти контенантальды өткізуге арналған өндіріс

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==