Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

- бу генераторлары белгілі бір таза суларда ғана жұмыс істейтіндіктен, судың тазалығы . Әйтпесе , өнеркәсіптік су тазартқыштар орнату қажет болады ; - импорттық құрал - жабдықтар кернеу 380 Вольттан екі жаққа қарай ауыспалылығы кезінде істен шығатындықтан, электр кернеуінің тұрақтылығы . Бумен, қысылған ауамен, электроэнергиямен басқа көрші кәсіпорынмен қамтамасыз ету сұрақтары қарастырылуы мүмкін, яғни көбінесе өзінің қазандықтарын, компрессорлықтарын, қосалқы станцияларын құрастырмай, оларды көрші кәсіпорындардан сатып алған орынды. 1 ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ЖАЙЛЫ ЗАҢНАМА НЕГІЗ ДЕРІ Қазақстан Республикасының 29 қазан 2015 жылғы №375 -V Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексі» кодексінде және РФ 24.07.2007 ж. (03.07.2016 ж. түзетілген) №209 - ФЗ «Ресей Федерациясында шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы туралы» федералдық заңында осы заң Конституциямен орнатылған азаматтардың өздерінің қабілеттерін және кәсіпкерлік және басқа, заңмен тыйым салынбаған мүліктерін, экономикалық қызметін еркін пайдалануға құқықтарын іске асыруға бағытталғаны айтылады. Бұл ережемен шағын кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік рөлі орнатылады. Шағын және орта кәсіпкерлік тұтынушылық кооперативтер және коммерциялық ұйымдар ретінде заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне (мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындардан басқа), сондай - ақ жеке кәсіпкерлердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне келесі шарттарға сәйкес келетін жеке тұлғалар кіреді : 1) Ресей Федерациясының жарғылық капиталына, Ресей Федерациясының субъектілеріне, муниципалдық мекемелерге, шетелдік заңды тұлғаларға, қоғамдық және діни ұйымдарға, қайырымдылық және басқа қорларға қатысудың жалпы үлесі жиырма бес проценттен аспауға тиіс; 2) өткен күнтізбелік жылдағы қызметкерлердің орташа саны шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің әрбір санаты үшін мынадай шекті мәндерден аспайды: а) орта кәсіпкерлік үшін 101 ден 250 адамға дейін; б) шағын кәсіпорын үшін 100 адамға дейін; шағын кәсіпорындардың арасында микрокәсіпорынға бөлінеді - 15 адамға дейін; 3) қосылған құн салығын немесе активтердің баланстық құнын қоспағанда, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==