Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
КІРІСПЕ Жеңіл өнеркәсібі салаларының бірі негізінде тігін өнеркәсібінің негізгі міндеті – технологиялық өңделудің жаңа әдістерін қолданумен қатар, материалы және конструкциясы сәннің даму тенденциясына сай келетін, сапалы, заманауи, ыңғайлы киіммен тұтынушыларды толығымен қанағаттандыру. Бүгінгі күні ірі және орташа тігін кәсіпорындарымен қатар, тігін бұйымдарының ассортиментін кеңінен ұсынатын және жалпы өндірілетін өнім көлемінің едәуір бөлігін қамтитын, шағын бизнес кәсіпорындарының саны орасан зор. Шағын кәсіпорындар, елеулі күрделі қаржысыз, өндірісті қызмет көрсету мен көптеген тұтынушылар тауарларымен айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. Шағын бизнес тұтынушылар сұранымының өзгеруіне тез жауап береді, капиталдың неғұрлым жоғары айналымдылығын қамтамасыз етеді және соның салдарынан шығынның орнын тез толтырады. Шағын кәсіпорындарда негізгі өндірістік қорлардың активті бөліктерінің меншікті үлесі ірі кәсіпорындарға қарағанда жоғары. Тігін бұйымдарын өндіруді тұрақтандыру және қосымша жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету үшін, қолданыстағы мәселелерді және оларды шешудің әдістеріне сүйеніп, елдегі және өнеркәсіптегі экономикалық ахуалды ескере отырып, өңірлерде шағын бизнес құру мүмкіндігін қарастыру қажет. Қазіргі уақытта киімдердің рухани тез ескіруіне байланысты, тігін өндірісінен жоғары ептілік талап етіледі; әсіресе жаңа өнімдерді игеру кезеңін қысқарту және киімнің әртүрлі ассортиментін параллельді шығару мәселесі өзекті болып табылады. Өндірістің тиімділігі көп жағдайда техникалық қайта жабдықтауға, еңбек және өндірісті ұйымдастыруды оңтайландыруға байланысты. Сондықтан, тігін өнеркәсібіндегі өндірісті жетілдіру, технология мен бұйымды құрастыру спецификасына сәйкес, әртүрлі ұйымдастырушылық міндеттерді шешуді талап етеді. Заңнаманың негіздерін және шағын кәсіпорынның жеңілдіктерін біле отырып, шағын кәсіпорынды жобалауды негіздеу қажет. Ол үшін кәсіпорынның ассортименті мен қуатын анықтау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізіледі. Шағын кәсіпорынды жобалауда технико - экономикалық негіздеу кезінде , онда білікті мамандар, шеберлер, ИТР ғана жұмыс істей алатындықтан (кәсіпорынның аз қуаттылығына байланысты барлығы әртүрлі мамандықтарды үйлестіреді: төсеуші - пішуші, технолог - конструктор - сәнгер және т.б.) кадрлармен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұдан басқа, қымбат құрал - жабдықта қызмет істеу үшін механиктер, электроншы мамандар қажет.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==