Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

онда қолданылатын жабдықтардың түрлерінің санына байланысты жұмыс орындарының санын көрсету қажет. Монтажды графикті (МГ) тізбекті орын ауыстыруы бар тура бағытты ағындар үшін жартылай фабрикаттар үшін тұрғызады: - Бұйым өңделуінің технологиялық бірізділігінің сақталуын тексеру; - Процесс операциясының құрылымын талдау; - Бөлшектерді ұяшыққа, конвейер қорабына орналастыру ретін немесе бөлшектерді транспортер күймешесіне ілу ретін бекіту. - Қораптарды немесе күймешелерді жұмыс орындарына жолдаудың ретін орнату; - Цех жоспары бойынша жұмыс орындарын орналастыру; Монтажды графикте ұйымдастырылған операциялар көбінесе тіктөртбұрышпен белгіленеді: Сурет 8.8 – Монтажды график (үзінді) Монтажды графикті тұрғызу барысында бөлшектердің бірін процестің негізі деп қабылдайды. Иықты киімдерде – алдыңғы бой, белді бұйымдарда – шалбардың алдыңғы бөлігі немесе белдемшенің алдыңғы бөлігі. Әрбір бөлшекті немесе түйінді реттік номермен белгілейді, бірақ негізгі бөлікпен немесе бір - бірімен біріктіргенде ең аз номер немесе негізгі бөлшектің номері қабылданады және әрі қарай номер белгіленбейді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==