Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
қанағаттандыратынын, әрбір ұйымдастырылған операцияны тексереді. Егер ауытқулар рұқсат етілген шамадан асып кетсе, жекелеген ұйымдастырылған операциялар қайта қаралады және қайта жинақталады. Тактті нақтылағаннан кейін ағынның барлық негізгі көрсеткіштерін есептейді. Такттен жекелеген ұйымдастырылған операциялардың ауытқуларын шығару үшін келісім графигін тұрғызады. Ордината осі бойынша – еркін масштабтағы уақыт, такт және рұқсат етілетін ауытқулардың сызығы жүргізіледі. Абсцисса осі бойынша – номерлер, мамандықтар және ұйымдастырылған операциялардың топшалары. График нүктелері такттен рұқсат етілген ауытқулардың көлденең жатқан сызықтарының шегінен шықпауы керек. Ауытқулар жұмысшының жүктелуінің деңгейін көрсетеді. Осылайша, келісім коэффициенті және келісім графигі операция жинақталуының дұрыстығын бағалауға мүмкіндік береді. Сурет 8.5. – Келісім графигі ҰТС графасын және монтажды графикті жобалау ережелері Ұйымдастыру - технологиялық сызбанұсқа (схема) – бұйымды дайындаудың технологиялық бірізділігінің негізінде құрастырылатын және әрбіріне нұсқау көрсететін ұйымдастырылған операцияны біріктіреді: мамандық, топша, уақыт шығыны, жұмысшылар саны, бағалау, әзірлеу нормасы және жабдықтар.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==