Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
технологиялық бөлінбейтін операциялардың уақытын еселік мағынасына қарай бөледі ( 2; 3 және т.б. ағын түріне байланысты). Еселік операцияларын графикте қосымша шеңбермен көрсетеді: – екіеселі, - үшеселі және т.б. Графикте бір операция бірнеше рет ұсынылуы мүмкін ( К=1, К=2, К=3 және т.б.). Бұл нүктелерді зерттеліп отырған аймақтың біріне топтастыруға мүмкіндік береді. Орташа уақыт шығыны бар технологиялық бөлінбейтін операциялар мамандық пен топты есепке ала отырып, іргелес операцияларды үйлестіреді. Үйлестіру кезінде міндетті түрде арнайыландырылған операциялар болып шығуы керек, яғни, бір жабдықта орындалатын операциялар. Үйлестірілген операцияларды бір түріне байланысты шартты белгілеумен □ көрсетеді. Оптималды қуаттың мағынасы берілген аймақты шектеу үшін графикте ең көп нүктелері бар аймақты түзу сызықпен шектейді. Зерттеліп отырған аймақтың жоғарғы шегі τ max такт мағынасының максималды мағынасы болып табылады, ал төменгісі – такттің минималды мағынасы τ min . Осы облыста зерттелетін такт мәндері орнатылады. Әрбір зерттелетін такт үшін рұқсат етілген ауытқулар болады, яғни, келісімнің негізгі шарты есептеледі. Әрі қарай зерттелетін такттерден рұқсат етілген ауытқулар аймағына түскен, т.б.о. уақыт шығынының жиынтығы жүргізіледі. Есептеу әрбір такт үшін бөлек орындалады. 8.6 формула бойынша берілген тактке арнайыландырылған операциялардың меншікті салмағы анықталады: = Т арн ∙100 Т жалпы , ( 8.6) мұндағы Т арн –берілген такт үшін технологиялық бөлінбейтін операциялардың суммарлы уақыты, с; Т жалпы –бұйымды дайындаудың жалпы уақыты, с. Тиімді такт деп - 60% аса арнайыландырылған операциялар келіп түсетін такт қабылданады. Егер де зерттеліп отырған такттің біреуіне де 60% және одан аса операциялар түспесе, онда арнайыландырылған операциялардың ең жоғарғы меншікті салмақты тактін таңдайды. Оптималды такт мағынасы бойынша оптималды қуат мағынасы анықталады: М опт = / опт , ( 8.7) Тиімді қуатты кестелік әдіспен анықтау үшін әдеби дереккөздердің [12] ұсынуы бойынша бұйым түріне немесе графикалық әдіспен шекараларды болжамды түрде орнату жолымен сәйкес, оптималды қуатты түрлендіру диапазоны орнатылады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==