Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
Өндірістің технологиялық сызбаларының мұндай оптималды нұсқалары, оптималды қуатты анықтауда және ағын ұйымдастырылуының формасына көңіл аударылуы қажет. Ағынның тиімді қуатын үйлестіру әдісімен анықтау процесі үш этаптан тұрады: 1) қуаттың әртүрлі мәндері үшін ағынның ұйымдастырушылық - технологиялық сызбанұсқасын (ҰТС) дайындау; 2) әрбір нұсқа үшін технико - экономикалық көрсеткіштерінің (ТЭК) есебі; 3) ТЭК ең жақсы көрсеткіштері бойынша қуаттың оптималды мәнін таңдау. Ағынның ұйымдастыру - технологиялық сызбасының (ҰТС) әртүрлі нұсқасының болуы, технологиялық бөлінбейтін операциялардың (т.б.о.) есебінен ұйымдастырушылық операциялардың (ұ.о.) үйлесімділік белгісі анықталады. ҰТС көпнұсқалы болғандықтан, ағын тактілерін орындағанда уақытқа байланысты шығындардың аз болу, сәйкесінше, жұмысшылардың аз қабылдануы сияқты операциялардың үйлестіру нұсқаларын табуға болады. Өндірістің технологиялық сызбаларының мұндай тиімді нұсқалары, тиімді қуатты анықтауда негізге алу қажет . Еңбек сыйымдылығының әдісі көп жағдайда операцияны үйлестіруді орындайтын технологтың біліктілігіне байланысты болады. Ағынның оптималды қуатын анықтаудың графикалық әдісі технологиялық бөлінбейтін операциялардың уақыт шығынының талдауды ұсынады, нәтижесінде нүктелердің ең көп топтасқан аймағы, әрі қарай ағын тактінің оптималды мәні және соңында тиімді қуаты анықталады. Графикалық әдісті жобаланатын тігін ағынының рационалды қуатын түрлендіру диапазонын орнату үшін пайдалану ұсынылады. Графикалық әдісте технологиялық бөлінбейтін операцияларға кететін уақыт шығынының келісім графигі құрастырылады. Графикті құруға арналған анықтама бұйым үлгісінің өңделу технологиялық бірізділігінен алынады (сурет 8.4). Абсцисса осі бойынша технологиялық бөлінбейтін операциялардың нөмірі, мамандық және топ, ординат осі бойынша – технологиялық бөлінбейтін операциялардың уақыты қалдырылады. Графикті тұрғызудың бастапқы мәліметтері технологиялық бірізділік бойынша анықталады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==