Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
Сурет 8.2 – АА (агрегатты ағын) және еркін ырғақты конвейерлі ағындар үшін негізгі көрсеткіштердің есеп тізбегі Сурет 8.3 – Қатаң ритмді конвейерлі ағындар үшін негізгі көрсеткіштердің есеп тізбегі Тиімді қуат: түсінік және есептеу әдістері Тиімді қуат деп - операцияның 60 және одан да көп пайызы арнайыландырылған болып табылатын, ал ағынның экономикалық көрсеткіштері жоғарғы нәтижелерге қол жеткізетін қуатты атайды. Өнімнің бір түрі үшін де оңтайлы қуат шамасы тұрақты емес. Оған модельдің күрделілігі, механизация деңгейі және процесті ұйымдастыру нысаны елеулі әсер етеді. Ағынның тиімді қуатын анықтау үшін келесі әдістер қолданылады: жинақтау әдісі, графикалық әдіс, кестелік әдіс, математикалық және ПК қолдану әдісі. Ағынның оптималды қуатын үйлестіру әдісімен анықтау процесі үш этаптан тұрады: 1) қуаттың әртүрлі млекалары үшін ағынның ұйымдастырушылық - технологиялық сызбанұсқаларын дайындау; 2) нұсқалардың әрбірі үшін технико - экономикалық көрсеткіштердің есебі; 3) ең жақсы технико - экономикалық көрсеткіштер бойынша оптималды қуат көрсеткішін таңдау. Оңтайландыру тапсырмаларын шешуге қажет ұйымдастыру - технологиялық сызбанұсқаларын құрастыру үшін, көпнұсқалы есеп ұсынылады. Бұл тек көп санды қуат нұсқасымен ғана емес, сонымен қатар ағынның тапсырмасының жалғыз мағынасы үшін , сызбанұсқа бір түрде ғана құрастырылмауы мүмкін. Әртүрлі нұсқалардың болу мүмкіндігі, еңбектің бөліну сызбанұсқасы технологиялық бөлінбейтін операциялардың санынан , ұйымдастырушылық операциялардың үйлестірілудің әртүрлілігімен анықталады. Еңбек бөлінісінің сызбанұсқасы көпнұсқалы болғандықтан, ағын тактілерін орындағанда уақытқа байланысты аз шығындар болу, сәйкесінше, жұмысшылардың қабылдануының ең аз деңгейге түсу сияқты операцияларды үйлестіру нұсқаларын табуға болады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==