Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
Ағын такті τ , с. Ағын такті – іске қосылу немесе бірінен кейін бірі шығарылатын бұйымдардың арасындағы уақыт ұзақтығы (8.1) немесе бір жұмысшы тарапынан орындалатын ұйымдастырылған операцияның орташа ұзақтылығы (8.2) τ =R/M,c (8.1) мұндағы R – ауысымның ұзақтылығы, R=28800,с τ =Т/ N, c (8.2) мұндағы T – бұйымның еңбек сыйымдылығы, с. (технологиялық бірізіділіктегі технологиялық бөлінбейтін операциялардың уақыт суммасы) Тігін өндірісін жобалаудағы негізгі формула: R/M=T/N ⇒ N=MT/R, M=RN/T Ағын орын алатын аудан берілсе, ағындағы жұмысшы саны келесі формула бойынша анықталады N=S/Slp, адам (8.3) мұндағы S 1р –бір жұмысшыға кететін қалыпты аудан, м 2 . S 1р мәні «Есеп бойынша нұсқаулық…..» сәйкес орнатылады [1]. Ағындағы жұмыс орындарының саны, Кж.о. Берілген параметр , бір жұмысшы операцияларды бірден екі жабдықта орындай алатынын есепке ала отырып, жұмыс орындарының жалпы санын орнатады . Kж.о =N*Корт (8.4) мұндағы Корт. – ағындағы бір жұмысшыға келетін жұмыс орнының орташа санын көрсететін коэффициент; Корт. = 1,05-1,15 Оның мәні бос тұрған жұмыс орындарының санынан, бір жұмысшының екі түрлі жабдықта жұмыс орындайтын (екі еселенген жұмыс орындары) операциялардың есебіне байланысты болады және бұйым ассортиментіне байланысты өзгеріп отырады: – Корт . = 1,05 – жеңіл ассортимент үшін ; – Корт . = 1,10 – костюм ассортименті үшін ; – Корт . = 1,15 – пальтолық ассортимент үшін .
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==