Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
Технологиялық ағындарды жобалау келесі кезеңдерден тұрады: – үлгілерді таңдау; – материал таңдау; – есептеу және сызбасын тұрғызу; – өңдеу әдісін таңдау; – жабдық таңдау; – ағын типін таңдау; – ағынның ұйымдасқан – технологиялық схемасын құрастыру (ОТС); –ағынның ОТС анализі мен ТЭП есебі ; –жабдықтарды жоспарлау . Ұйымдастыру операцияларын жинақтауға қойылатын талаптар Ұйымдастыру операциясы (ұ.о.) – еңбектің мамандануы, ауданды тиімді пайдалану мен жұмыс жүктемесі негізінде , біріктірілген технологиялық бөлінбейтін операциялардың жиынтығы. Технологиялық бөлінбейтін операциялар (т.б.о.) –бөлінуге келмейтін немесе технологиялық себептері бойынша бөлінбейтін операция түрлері. Ағынды процесстер операцияларды жинақтауға қойылатын талаптарды ескере отырып әзірленеді. 1 Бөлшектік еңбек бөлінісі. Бұйымды дайындау процесін операция көлемі бойынша бөлу, бір жұмыс орнында бір жабдықпен бір жұмысшы ғана орындайды. 2 Ағын тактімен орындалатын операцияларды уақытты қатаң теңестіру (Бекітудің Негізгі Шарттары – БНШ ). Бір немесе бірнеше бөлінбейтін технологиялық операциялардан тұратын, әр ұйымдасқан операцияларының ұзақтығы,ағын тактіне тең болуы керек.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==