Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
Кезекті – ассортиментті әдісті (КАА) мақсатқа сай келесі жағдайларда қолданылады : а) еңбек қарқындылығы (еңбек қарқындылығының айырмашылығы 15% жоғары болмау керек) бірдей қиындықтағы бұйым үлгілерін дайындауда. Барлық үлгілерде жұмыс процесінің саны тұрақты болуы үшін қажет; б) күрделі проценттік қатынаста үлгілерді шығаруды қамтамасыз етуде(бөлшек сандар қатынасы) және ассортимент мөлшерінің шамасы 4 - тен артық болған барлық жағдайларда; m А :m Б :m В = 1 : 3 : 4 (с = 8) m А :m Б :m В = 1 : 1,5 : 2,5 (с = 5) в) таңдалған үлгілерді дайындау барысында біртипті өңделу тәсілі және жабдықтар қолданылуы керек; г) біртипті технологиялық қасиетті маталар қолданылуы керек, түстері әртүрлі матаны қолдануға болады. Кезекті – ассортиментті әдісте (КАА) үлгілер саны шектеусіз, бірақ егер ол үлкен болса (6- дан көп ), онда үлгілерді ауыстырғанда уақытты жоғалту артады. Аралас әдісте еңбек қарқындылығы мен түйіндерді өңдеу әдістері әртүрлі көп үлгілерді (4 - 12) іске асырған кезде қолданылады. Мұндай жағдайда үлгілерді 2 - 3 топқа бөледі. Топ ішінде –циклді іске асыру жүреді, ал топтар –ағынға кезекті жіберіледі. А Б В Г Д цикл цикл А1 Б1 В1, А2 Б2 В2, . . ., Аi Бi Вi → R1гр. (М1гр.) Г1 Д1, Г2 Д2, . . ., Гi Дi → R2гр. (М1гр.) R1гр. + R2гр. = R немесе n (R1гр. + R2гр.) = n R Бұл іске қосу тәсілі негізінен секциялық ағындарда қолданылады. Секциялық ағындарда бұйымдарды іске қосу өңдеу күрделілігіне және модельдердің санына байланысты жүйелі немесе циклдік болуы мүмкін. Секциялар бойынша циклдік іске қосу әйелдер маусымдық және қысқы пальто, қыздарға арналған пальто, жеңіл әйелдер көйлегін дайындау кезінде қолданылады; тізбекті - сыртқы киім, іш киім дайындау кезінде (егер үлгілер бойынша аз айырмашылық болса); комбинирленген - егер бір бөлшектерді өңдеу басқаларды өңдеуден едәуір өзгеше болса және циклдік іске қосумен жеке дайындау секциясына шығарылған болса; монтаждау секцияларында тізбекті іске қосу қолданылады. Бұл дайын өнімді қоймаға тапсыруды тездетеді. 8.2 Ағындарды жобалаудың негізгі этаптары. Операцияларды жинақтау
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==