Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

- циклді ; - кезекті – ассортиментті (КАА); - аралас ( кезекті - циклді) . Циклді әдісте бұйымды ағынға жіберу жүйелі түрде орындалады. Мысалы, ағында, 3 үлгі дайындалады, жіберу схемасын келесі ретпен жазуға болады: А1 Б1 В1, А2 Б2 В2, . . ., Аi Бi Вi R, 1- ші цикл 2 - ші цикл i - ші цикл мұндағы R – жұмыс ауысымының ұзақтығы, R = 28800 с . Циклді әдісті іске қосу мақсатқа сәйкес келесі кезеңдерде қолданылады: а) еңбек қарқындылығы (еңбек қарқындылығының айырмашылығы 15% жоғары болмау керек) әртүрлі қиындықтағы бұйым үлгілерін дайындауда, жеке түйіндерді өңдеудің тәсілдерінің айырмашылығы. Үлгілер бойынша еңбек қарқындылығының ақаулары жіберілуі мүмкін, өйткені операция уақыттарын такт бойынша теңестіру бір ғана бұйымда емес, циклда жүреді; б) бір уақытта бірнеше үлгілерді дайындауда - үлгілерді шығару не бірдей, не қарапайым проценттік қатынаста қабылданады (қатынасындағы бүтін сандар). Барлық жағдайларда ассортимент мөлшерінің шамасы 3 - 4 артық, ал үлгілер саны 2 - 3 болуы керек; в) таңдалған үлгілерді дайындау барысында біртипті өңделу тәсілі және жабдықтар қолданылуы керек; г) біртипті технологиялық қасиеті мен түстері жақын мата қолданылуы керек, себебі,цикл ішінде жіп ауыстыруға болмайды. Циклді іске асыру кезінде үлгілерді шығару көбейту қатынасында өзгеруі мүмкін. Кезекті - ассортиментті әдісте ( КАА ) бұйым ағынға кезекпен жіберіледі, яғни әр жеке уақытта ағын уақыты мамандандырылған болады, ал белгілі бір ауысым кезінде ағында бір үлгіден басқа үлгіге қайта толықтыру жүргізіледі. Кезекті – ассортиментті әдіс ( КАА ) схема бойынша: А1, А2, . . ., Аi → RА Б1, Б2, . . ., Бi → RБ . . . . . . . . RА + RБ = R немесе n (RА + RБ) = n R, мұндағы RА – А үлгісінің шығарылу ұзақтығы, RБ – Б үлгісінің шығарылу ұзақтығы, n – жұмыс ауысымының саны, барлық үлгілердің дайындалуы жүреді. n көп болған сайын, үлгілерді қайта толықтыру уақыты аз болады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==