Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
технологиялық айырмашылықтары бар көп мөлшердегі бұйымдарды дайындауға болады, сапасыз өнімге кінәлі жұмысшыны табу да жеңілдей түседі. Алынбалыағындардың төмендегідей кемшіліктері бар: - аяқталмаған өндіріс қоры екі есеге артады, - бұйымдарды бөлшектеуге және жинастыруға жұмыс уақыты шығындалады; - цехтің сыртқы түрі мен санитарлық күйі нашарлайды; - бұйымдардың сапасы нашарлайды. Алынбайтын ағындарда, әр ауысым жұмысшылары алдыңғы ауысымдағы жұмысшылардың аяқтамаған бұйымдарымен жұмыс жасауды жалғастырады. Өнеркәсіптік өндірісте көп жағдайда ауысымсыз ағындар қолданылады, бұл өндірісті ұйымдастырудың әлдеқайда жоғары формасы деп айтуға болады. 9 Қолданылатын техниканың деңгейіне сәйкес ағындар 1 - ші, 2 - ші, 3 - ші және 4 - ші ретті болады. 1- ші ретті ағын аз операциялық технологияларды қолдануға негізделген, яғни жұмыс орнында технологиялық операциялар.аз шоғырланған Мұндай ағындарда әмбебап машианалардан басқа екі инелі, тігу - торлау машиналарын қолданады. 2- ші ретті ағында тігін бұйымдарының түйіндерін жинауға арналған жартылай автоматтарды қолдану және жұмысшы орындарының жинақталған автоматтық емес әрекеттерін қолдану қарастырылады . Жинақталған жұмыс орны –автоматтандырылмаған тігін машинасы - қол жұмысының механикаландыру , автоматтандыру және еңбек тәсілдерін ретке келтіру арқылы,еңбек өнімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін қосымша құрылғылармен жабдықталған. Жұмыс орны - цех аумағының бір бөлігі, оператор қоданатын жұмысқа арналған және технологиялық жабдықтарға жақын жерге жылжитын бөлшектер, сонымен қатар нақты технологиялық операцияларды орындауға арналған техникалық құралдар жиынтығы). Жинақтау принципі – әртүрлі бірнеше техникалық құралдардың біріктірілуі. Яғни, технологиялық жабдықтар+ механикалық құралдар және қол жұмысының автоматты қабылдауы+ технологиялық жабдықтау+ оргжабдықтау 3- ші ретті ағында – тігін ағындары жалпы және арнайы тағайындалатын автоматтандырылған тігін машиналарына негізделген және ылғал – жылумен өңдеуге арналған жабдықтар (ЫЖӨ), микропроцессорлық технологиялар негізінде басқарылады. Транспорттық жүйелер автоматты түрде жұмыс орнына жартылай фабрикаттарды бағыттаумен бірге қолданылады. 4- ші ретті ағында міндетті түрде роботтардың және манипуляторлардың болуы қарастырылады. 10 Ағынға үлгілерді жіберу тәсілі бойынша. Көпүлгілі және көптүрлі ағында бұйымды жіберу 3 әдіспен орындалуы мүмкін :
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==