Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

- үстелралық - n- e нақты мамандық жұмыс орны Жұмыс орындарының ағында орналасуы 7 Ағынның қуатталу сипаты бойынша олар: - орталықтандырылған іске қосумен ; - жекелей іске қосумен болып бөлінеді. Орталықтандырылған іске қосу кезінде, іске қосу үстелінен бұйым бөлшектерінің толық жинағы жұмыс орындарына ретті түрде келіп түседі. Бөлшектер бір жұмыс орнынан келесі жұмыс орнына барып, технологиялық бірізділікпен бұйыммен біріктіріледі. Қатаң ырғақты үрдістерде орталықтандырылған іске қосу барынша тиімді болып келеді, себебі бұйым бөлшектерінің жинақтылығын қамтамасыз етеді және бөлшектерді қосымша жеткізіп отыруды талап етпейді . Орталықтандырылған іске қосу бір данамен және бумамен жүргізілуі мүмкін. Жекелей (орталықтандырылмаған) іске қосу кезінде, пішім бумаларын өңдеугетікелей жұмыс орындарына немесе дайын түйіндерді бұйыммен қосатын жұмыс орындарына жеткізу жүзеге асады. Жекелей іске қосу негізінен еркін ырғақты ағындарда қолданылады, себебі ол өндірістік циклді қысқартып, бір бұйымның әртүрлі бөліктерін параллель өңдеуге мүмкіндік береді. Жекелей іске қосу тек бумалап жүргізіледі. Бір даналап іске қосу кезінде тасымалдаушы ұяшығына бір бұйым бөлшектері толық салынады. Мұндай жіберу қолданылатын ағындарда ырғақты жұмысты қамтамасыз ету үшін барлық буындар жұмысы дәл ұйымдастырылуы керек. Бумамен жіберу барысында жұмыс орындарына бір мезетте жекелеген бөліктер (жең, алдыңғы, артқы бой бумалары) келіп түседі. Бумадағы бұйымдардың саны тасымалдау партиясы деп аталады. Тасымалдау партиясының көлемі бұйымның, бумаларды тасымалдауға қолданылатын құралдардың өлшемі мен түріне, ағынның ұйымдастырушылық формасына және т.б. байланысты болады. 8 Ауысымдардың ауыспалылығы бойынша ағындар ауысымды және ауысымсыз болып бөлінеді. Алынбалы ағындарда , әр ауысым жұмысшылары жұмыс күні аяқталғаннан кейін өздеріне келіп түскен еңбек заттарын жинастырып, сақтау орнына салып қояды. Бұл бұйымдарды өңдеуді олар келесі күні жалғастырады. Мұндай ұйымдастыру кезінде бір ағында айтарлықтай құрылымдық және

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==