Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

- өңдеу уақыты бойынша технологиялық ретті сақтау міндетті емес; - жұмыс ырғағы еркін; - ұйымдастырушылық операцияны жинақтау кезінде , жұмыстарды мамандандыру принциптері қатаң сақталуы тиіс. Дайындау кезінде, мысалы, параллель өңдеу, ал жинау кезінде тізбекті өңдеу қолданылса, аралас қозғалыс деп аталады. 6 Жұмысшыларды орналастыру әдісі бойынша (құрал - жабдықтың орналасуы бойынша) ағындар: – түзусызықты; – айналмалы; – топтық болып бөлінеді . Түзусызықты орналастырылған ағындар бірсызықты, екісызықты, үшсызықты және т.б. болуы мүмкін. Ағындық сызық , барлық жұмыс орындарының бірегейлігінен және аралығымен немесе ағынға қосылған транспортты құрылғылардан пайда болады. а) бірсызықты бірқатарлы ағын б) бірсызықты екіқатарлы ағын в) екісызықты екіқатарлы ағын г) үшсызықты үшқатарлы ағын Айналмалы ағында еңбек заттары ленталы транспортерде орын ауыстырады (немесе ілмелі транспортты жүйе бойынша). Егер жұмысшы үлгермесе немесе белгілі бір жұмыс орнына қайтару қажет болса, онда жартылай фабрикаты бар жәшік (каретка) жұмыс орнынан тыс үздіксіз орын ауыстыруларды жүзеге асырады. Топтық ағындар (жұмысшыларды топтық орналастыру ағындары).

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==