Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

бірінен кейін бірі жіберілетін немесе бір ғана өнімді шығару арасындағы, белгілі бір уақыт аралығын айтады. Бұл көрсеткіш бойынша ағындар үш түрге бөлінеді: - қатаң ырғақты; - еркін ырғақты; - аралас. Қатаң ырғақты жұмысы бар ағындар , ұйымдастыру операциясын орындау уақыты мен барлық жұмыс орындарын бір желіге байланыстыратын транспортердің қозғалыс жылдамдығы арасындағы қатаң үйлесімді талап етеді. Қатаң ырғақты ағындарды тұрақты ассортиментті тігін бұйымдарын шығару кезінде қолданған дұрыс. Еркін ырғақты ағындарда тасымалдау құрылғысы тұрақты қозғалыс жылдамдығына ие және операцияны орындау ұзақтығын реттеп отырады. Бұл жағдайдағы бұйымдарды шығару бірқатар ұйымдастырушылық шаралар арқылы қол жеткізіледі. Еркін ырғақты ағындарда жеке еңбек өнімділігін пайдалану мүмкіндігі арта түседі, ал жұмыс орындарын топтық орналастыруарқылы технологиялық жабдықтарды жақсырақ пайдалануға мүмкіндік береді. Бір бөліктерде қатаң ырғақты, екінші жағында еркін жұмыс ырғағы қолданылатын ағындар аралас ырғақты деп аталады. 4 Жартылай дайын өнімдерді ішкі үрдістік тасымалдау әдісі бойынша ағындар конвейерлік және конвейерлік емес болып бөлінеді. Конвейерлер екі режимде жұмыс жасай алады: диспетчер – операция – операция (ДОО) және диспетчер – операция – диспетчер (ДОД). Қатаң ырғақты ағындарда әрқашан ДОО қолданылады. Еркін тасымалдау ырғағына ие ағындарда ДОО және ДОД екеуі де қолданыла береді. Бір данадан тасымалдау үшін берілген жылдамдық режимінде жұмыс жасайтын таспалы немесе тізбекті конвейерлер қолданылады. Еркін ырғақты ағындарда тасымалдаушы бұйымды қораптарда, күймешеде немесе басқа да құрылғыларда тасымалдайды. Мұндай құрылғылардың қозғалысы тұйықталған траектория бойынша жүруі тиіс, себебі операция орындағаннан кейін бұл құрылғылар (бос қалған соң) ағын басына қайтарылуы тиіс. Конвейерлік емес ағындарда тек еркін ырғақты жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Ағынның ұйымдастырылуы мен жартылай дайын өнімді тасымалдау әдісіне байланысты конвейерлік емес ағындар агрегаттық және агрегаттық - топтық болып бөлінеді. Агрегаттық ағындарды көп жағдайда жинау секцияларында пайдаланады. Агрегаттық - топтық ағындарды дайындау секцияларында қолданады. 5 Еңбек құралдарының қозғалыс түрі бойынша ағындар: - параллель; - тізбекті;

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==