Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
Еркін ырғақты конвейерлі ағынның кемшіліктері: 1 Агрегатты ағынмен және қатаң ритмді конвейерлі ағынмен салыстырғанда,аяқталмаған өндірістіңартуы 2 Еңбек өнімділігінің көп мөлшерде артта қалуына байланысты, үлгілерді дайындауды қиындатады 3Аяқталмаған өндірістіңесебі және өндіру нормасының орындалуы қиындайды Өндірістік ағындардың жіктемесі Өндірістікағындар әртүрлі факторларға байланысты бірқатар белгілері бойынша жіктеледі: 1 Қуаты бойынша Қуат – ағынның негізгі сипаты. Шартты түрде қуаты бойынша ағындарды үш топқа бөлуге болады –шағын, орта және үлкен. Қуат көрсеткіші қолданылатын техника деңгейіне байланысты болады. Шағын қуатты ағындарда еңбек өнімділігі төмен, жұмыс орындарына мөлшерден артық ауырлық түседі, қолмен жасалатын жұмыстар үлесі көп, арнайы жабдықтар, арнайы көліктер, жартылай автоматты құралдар аз қолданылады, көлік құралдары болмайды. Бұл көрсеткіштер орта қуатты ағындарда жақсара түседі, ал үлкен қуатты өндірісте бұл мүмкіндіктер барынша толық қолданысқа ие болады, сонымен қатар жартылай дайын өнімдерді тігу және тасымалдау кезінде , механикаландыру және автоматтандыру құралдары қолданылуы мүмкін. Үлкен қуатты ағындардың кемшілігі:ағынды басқару қиындықтары мен үлкен көлемдегі біркелкі киімді жатқызуға болады. 2 Құрылымы бойынша ағындар секциялық емес (толассыз) және секциялық (секциялар бойынша бөлінетін) болып бөлінеді. Секциялық ағындарда технологияның ортақ тұстары бойынша мамандандырылған, секция деп аталатын бөлімдер болады. Тігін цехтарында үш секция болады: дайындау, жинау және әрлеу мен ЫЖӨ . Дайындау секциясында жекелеген бөлшектер мен түйіндерді дайындайды, яғни тігін бұйымдарының модельдік ерекшеліктерін өңдеуге байланысты. Өз кезегінде дайындау секциясында, жекелеген түйіндерді өңдеу бойынша топтарға бөлінуі мүмкін. Жинау секциясына модельдерге байланыссыз, барынша тұрақты операциялар мен жұмыс түрлері енеді. Егер тігін кәсіпорнында бірыңғай мамандандырылған өңдеу цехы болмаса, әрлеу мен ЫЖӨсекциясы ұйымдастырылады. 3 Жұмысты ұйымдастыру формасы бойынша Ағынның ұйымдастырушылық формасы оның жұмыс ырғағын ұйымдастыру бойынша анықталады. Ағын ырғағы немесе такт деп
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==