Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
1. Қатаң ырғақ ағынның мұқият есептелуін, оның қайта есептелуін және үлгілерді ауыстыруда жұмыс орындарының қайта орналасуын талап етеді. 2. Операция уақытымен қатаңкелісун, кейде операциялардың технологиялық жинақталуының бұзылу қажеттілігін тудырады. 3. Бұл топтар толық жұмыс күшімен қамтылуды талап етеді және жеке қабілеттерді шектейді. 4 Еркін (регламенттелмеген) ырғақты конвейерлі ағын - «диспетчер - операция - диспетчер» және «диспетчер - операция - операция» режимінде жұмыс істей алады. Мұндай ағындарда бұйым орындаушыдан орындаушыға транспортер арқылы беріледі. Жұмыстың үзіліссіздігі және ырғақтылығы , әрбір жұмыс орнында еңбек заттарының операцияаралық артық қор есебінен қамтамасыздандырылады. Еркін ырғақты конвейерлі ағынайналмалы транспортермен немесе мерзімді іс - әрекетті транспортерімен жабдықталуы мүмкін. Осылайша, мұндай ағындарда жәшіктердегі, кареткалардағы жартылай фабрикаттардың түзу немесе айналмалы орын ауысуы мүмкін. Көп тараған ағын ол – конвейерлі айналмалы ағын. Ең қарапайымы – ленталы. Жіберуші,төселім саны және реті ағынды есептеу барысында анықталған бұйым бөлшектерінің жинағын, арнайы жәшіктерге орналастырады. Жәшіктің қалташаларына, ұйымдастырылған орындалу реті және өңдеудің тіркеу картасы бойынша , орындалған операциялардың нөмірлері жазылған карточкаларды қояды. Жәшікті транспортер лентасына қояды, жұмысшы транспортерден операция нөмірі белгіленген жәшікті алып, транспортер лентасының бойында орналасқан стационарлы үстелге қояды. Жұмыс орнының аймағында үстелде әрдайым екі жәшік болады. Оның бірінен жұмысшы өңдеуге арналған бөлшектерді алады, екіншісі – резерв– үзіліссіз жұмыс үшін. Бір жәшіктегі бөлшектерді өңдегеннен кейін , жұмысшы орындалған операция нөмірі жазылған карточканы болжамды түрде шығарып алады және есеп картасында орындалған жұмысты белгілеп, оны транспортер лентасына қайта қояды. Екінші жәшіктегі бөлшектерді өңдеу кезінде жұмысшы,жылжып тұрған жәшіктегі карточкаларының нөмірлерін бақылап отырады, себебі оған бағытталған кезекті жәшікті лентадан уақытында шешіп алу қажет. Мұндай транспортердің жылдамдығы 6 -8 м/мин. Жәшіктердің тұйық жолдар арқылы жылжуы себебінен , жәшіктердің тез жылжып қайталануы мүмкін. 8.3 суретте «диспетчер - операция - диспетчер» режимінде жұмыс істейтін , түзунүктелі еркін ритмде жұмыс істейтін конвейерлі ағынның жұмыс орындарының орналасу келтірілген. «Zandt» транспорттық жүйесінде жабдықталғанағын, Германияда жасалған . Пішу цехынан келген бөлшектер сөрелерге келіп түседі, содан кейін арнайы конвейердің көмегімен негізгі конвейердің лентасына беріледі.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==