Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

1 Жұмыс бума түрінде (пачка) іске асатын болғандықтан, өндіріс (АӨ) аяқталмаған жағдайда, көлемінің ұлғаюы 2 Түйіндерді дайындауда үндестіктің жиі бақылануы талабы 3 Ағынды жоспарлаудың күрделенуі 3 Қатаң (регламенттелген) ырғақты конвейерлі ағын - бұл ағында транспортердің қозғалыс уақыты операцияларды орындау уақытымен толық сәйкес келеді. Транспортер тек қана бөлшектерді жылжытып қоймай, тактаға сай уақытта, ұяшықтың қадамына тең көлемге жылжиды. Бұл ретте жіберуші бір бұйымның (данамен жіберу) барлық бөлшектерін, қозғалыстағы конвейердің әрбір ұяшығына орналастырады және конвейердің бойында отырған әрбір орындаушы, өзінің жұмыс аймағына келетін ұяшықтан, қажетті өңдейтін бөлшектерін ғана алады. Жұмысшының жанынан ұяшық жылжи береді, ал орындаушы өз бөлшегін өңдегеннен кейін, сол алған ұяшыққа қайта орналастырып үлгеруі керек. Үлгермеген жағдайда, бос ұяшық келесі операцияға кетеді де, ұяшықтардың ығысуыорын алады және ағын ырғағында ақау болады. Қатаң ритмді конвейерлі ағындардың артықшылықтары: 1. Орындаушы топтардың жоғарғы ұйымдасуы 2. Жартылай фабрикаттарды транспортирлеу құрылымдары арқылы жұмыстың жеңілдеуі 3. Аяқталмаған өндірістің және өндірістік циклдің (ӨЦ) қысқаруы 4. Ағынды есепке алудың және қызмет көрсетудің қарапайымдылығы Сурет 8.2 – Қатаң ырғақты конвейерлі ағындағы жұмыс орындарының орналасуы Қатаң ырғақты конвейерлі ағынның кемшіліктері :

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==