Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
АТА ұйымдастырудың негізгі шарттары: 1 Бұйымды дайындау процесінің бөлімдерге, одан кейін дайындау бөлімінің – жеке түйіндерді өңдеу топтарына бөлінуі. 2 Әрбір түйіннің өңделу саны түйіннің еңбек өнімділігіне байланысты болатын жеке жұмысшы топтарымен жүргізіледі. 3 Бұйымның барлық түйіндерінің өңделуі бір уақытта жүргізіледі, яғни бірдей қайталанады. Мұндай ағындарда бөлшектер бума түрінде өңделеді, оның әрқайсысы 10 - нан 60 дейінгі бір түрдегі бөлшектерді біріктіреді (бумадағы бөлшектердің санын 5 - 30 дейін азайту үрдісі бар). Пішілген бөлшектер пішу цехынан қиманы жинақтау үстеліне келіп түседі, ол жерде қиық бөлшектерінің тігуге дайындығы жүргізіледі. Бір түрдегі бөлшектердің бумалары (пачка) іске қосу үстелінен , сәйкес бөлшектердің өңделуіне байланысты әрбір топтың алғашқы жұмыс орындарына беріледі. Сурет 8.1 – Жұмыс орындарының агрегатты - топтық ағында орналасуы АТА артықшылықтары: 1 Бұйым бөлшектерінің және түйіндерінің параллельді өңделуі 2 Жартылай дайын бұйымның берілуі үшін жетексіз көлік құралдарының қолданылуы 3 Бөлшектердің бумалы түрде іске қосылуы 4 Жұмыс орындарының арнайыландырылуы, жабдықтардың кең түрде қолданылуы 5 Берілген түйіннің өңделуі бойынша барлық операциялардың жұмысшылар есебінен толық меңгерілуі, сәйкесінше, жұмысшы жұмысқа шықпай қалған жағдайда өзара ауыстыру мүмкіндігі бар, сонымен қоса үлгілерді ауыстыру кезінде операцияны меңгеру барысында шығынның ең төменгі деңгейі. АТА кемшіліктері:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==