Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
1) Өңделетін заттың қозғалыс үздіксіздігі (бөлшектің, түйіннің, бұйымның); 2) Әрбір ұ.о. белгіленген жұмыс орнымен бекітілуі; 3) Жабықтар мен жұмыс орындарының бұйым өңделуінің технологиялық бірізділігіне сәйкес орналасуы; 4) Өңделетін бұйымдардың бір операциядан екінші операцияға берілу механизациясы, ол өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз етеді, аяқталмаған өндіріс өлшемдерін және өндірістік циклдың ұзақтығын азайтады; 5) Әрбір жұмыс орнына бекітілген операцияның орындалуына кететін бірдей уақыт есебінен орындалатын, барлық жұмыс орнындағы ырғақтылық. Ағынды әдісте өндірістік процестер өндірістік топ қатарларына бөлінеді. Өндірістік ағын – бұл уақыт бойынша өзара келісілген және белгілі бір орында технологиялық бірізділік бойынша орналасқан ұйымдасқан операциялар жүйесі. Өндірістік топ ұйымдасқан операциялардан басқа көлік құралдарын және бақылау операцияларын біріктіреді. Ағын түрлері Ағын түрі төртке бөлінеді: агрегатты (АА), агретты - топтық (АТА ), қатал жұмыс ырғағымен конвейерлі және еркін жұмыс ырғағымен конвейерлі емес. 1 Агрегатты – аз қуатты еркін ырғақты жұмыс істейтін , жартылай дайын өнімнің ауысуы бір талдық немесе бумалық іске қосылумен сипатталатын , тік немесе зигзагтәріздес ауысуды қамтамасыз ететін ағын . Кемшілігі: АА – технологиялық процесс ұйымдастырылуының ең қарапайым және тиімділігі аз формасы. 2 Агретты - топтық (АТА) – операцияаралық берілуі көлік құралдары арқылы іске асатын жартылай дайын өнімнің бөлшектің және түйіндердің параллельді өңделуінің жекелеген топтары, еркін жұмыс орнымен бөлімдік лектер. АТЛ іш киімдерді, ерлерге арналған іш көйлекті, балалар костюмін, жеңіл көйлектерді, шалбарды тігуде, сонымен қатар сырт киімді тігудің дайындық бөлімдерінде қолданылады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==