Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
Сол уақытта жобаланатын ағынға қызмет көрсету: пішім бөлшектерін тігуге жіберу, сапаны бақылау, дайын тігін бұйымдарын орау және таңбалау, т.б. ағынға байланысты істер енгізіледі. ‣ Жобаланатын тігін ағынының М опт технологиялық бірізділікті талдау және ТБ баған талдау қуатыағынның деңгейлік тұрғызылуының , сонымен қатар мүмкін болатын тасымалдау құралдары туралы қорытынды болжам жасауға мүмкіндік береді. 8.1 Өндірістік ағындардың классификациясы . Тігін ағынының түрлері Тігін цехының ағындарын жобалаудың негізі – бір - бірімен белгілі бір әдіспен байланысқан көптеген технологиялық бөлінбес операцияларды біріктіретін , тігін бұйымдарын дайындаудың технологиялық процессі болып табылады. Технологиялық бөлінбейтін операциялардың байланыс дәрежесі бұйым түріне және оның технологиялық өңдеу әдісіне байланысты болады. Өндірістік ағын туралы жалпы ақпарат Тігін өндірісі үшін ұйымдастырылуының екі негізгі жүйесі белгілі: бөлінетін ( ағынды емес ) және бөлінбейтін ( ағынды ). Ағынды емес өндірісте операциялардың ұзақтығының теңдігі және бөлінгіштігі болмайды, жұмыстың ырғақты қайталануы жоқ. Сондықтан бұйымдардың қозғалысы кезекті операцияның орындалуын күтетін жұмыс орнындағы немесе қоймадағы жартылай дайын өнімдердің көп уақыт тұрып қалуына әкеліп соғатын үзілмелі сипатқа ие. Ағынды өндірісте барлық операциялардың уақыты белгіленген, нақты түрде орнатылған аралықтар бойынша қайталанады, барлық жұмыс орындары арнайыландырылған және технологиялық процестің орындалуы бойынша орналасады. Мұндай өндіріс процестің үздіксіздігімен сипатталады, яғни жартылай дайын өнімнің бір операция орындалып біткен соң екіншісіне бірден берілуі тұрақты түрде жүзеге асады. Технологиялық процесс ұйымдастырылған операциялар (ұ.о.) деп аталатын уақыт бойынша бір - біріне тең бөағын шағын операцияларға бөлінеді. Ағынды өндіріс уақыт шығыны жеке өндіріспен салыстырғанда жеті - сегіз есе аз болғандықтан, еңбекті ұйымдастыруда озық форма болып табылады. Ағынды өндірістің негізгі артықшылықтары:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==