Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
8 ТІГІН ЦЕХЫНЫҢ ЕСЕБІ Заманауи тігін өндірісінің дамуында, тігін ағынын орындаушылардың 5S жүйесі бойынша жұмыс орталығын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін «Үнемд іөндіріс» қағидаларын енгізу басымдылық болып табылады. Мұндай шаралар нәтижелі жұмыс орындарын ұйымдастыру , жарақаттану деңгейін азайту, өндірілетін өнімнің сапасын арттыру,өндіріс шығындарын азайту және еңбек өнімділігін арттыру арқылы өндіріс мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тігін ағынын жобалау бастапқы ақпаратты талдаудан басталады, оны мына түрде қолданады : - жобаланатын бұйым үлгісінің (үлгілерінің) эскизі; - үлгінің сыртқы түрін сипаттау; - үлгінің технологиялық бірізділігі және өңдеудің еңбек сыйымдылығы; - ағын қуаты. ➢ Жобаланатын ағындағы тігілетін бұйымның эскизі және сыртқытүрін сипаттау ағынның мамандануын және тұтынушылардың әлеуметтікдеңгейін (жас - жыныстық тобы) анықтауға мүмкіндік береді. ➢ Технологиялық бірізділікті талдау және ТБ бағаны келесі болжамдарды жасауға мүмкіндік береді: - Біріншіден, арнайы о рындаулардың ( бөлшектерді желімдеу, иық қаптамасын, жылытқыш астарды, іш тартқыш(корсаж), кестелеу, соңғы өңдеуді дайындау және ЫЖӨ ) жобалаудан тыс тігін цехының өзіндік бөліктеріне шығарылуының мақсаттылығы; - Екіншіден, бұйымды өңдеудің арнайыланған деңгейлерінің бөліну мүмкіндігі: дайындау, жинау және әрлеу, әрі қарай ағында сәйкес секцияларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді; - Үшіншіден , әр түрлі бөліктер мен түйіндерді өңдеуде дайындау жұмыстарының параллельді орындалу мүмкіндігі, алдағы уақытта топтық өңдеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда, параллельді өңдеу топтарында дайындалатын нақты бөлшек пен түйіндерді мысал ретінде келтіруі тиіс; - Төртіншіден, жинау және әрлеу жұмыстарының жүйелі орындалу мүмкіндігі. Әрі қарай технологиялық бірізділікті түзету және ТБграфасы , нақты айтқанда: тігін цехынан тыс, кәсіпорынның арнайы өндіріс аумағында орындалады (мысалы, бөлшектерді желімдеу және т.б.) деп күтілетін операциялар шеттетіледі .
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==