Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

F стола – қоймашыға арналған үстелдің ауданы, м 2 . Стеллаждың бір секциясының ауданы, Fст стеллаждың техникалық сипаттамасы бойынша белгіленеді. Мәселен, КШП 166.01.01 маркалы сөре үшін секцияның габариті, м: 1,5×0,75×(0,6÷0,8). Бұл ретте ұяшықтардың саны ғимараттың биіктігіне және көтергіш - тасымалдау жабдықтарына байланысты -7.1- сурет Қоймада бір ауысымда бір қоймашы (қабылдаушы - тапсырушы) қарастырылуы тиіс. Ол үшін көлемі (1,2×0,65) м 2 үстел қарастырылады. Пішімді сақтауға арналған секциялардың қажетті санын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі: мұндағы Z - стеллаждар секцияларының саны (бүтін); М - тәулігіне бұйымдар шығару, бірлік (өндірістік бағдарламадан алынады); t - пішімді сақтау күндерінің саны, а=1 - 3 күн; m – бумадағы бұйымдардың орташа саны, бірлік m =10 -30 бірлік. Р - секцияға салынатын бумалар саны, Р=2 - 5 бума Сурет 7.1 – Стеллаж секциясының эскизі

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==