Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
басып шығаруға арналған аймақ алаңын есептеу (7.20) мұндағы n 1 ; n 2 – калькуляциялық және прейскурантты жапсырмаларды басу үшін тиісінше автоматтар саны. (7.22) формула бойынша есептеулерге сәйкес алынады; F 1 және F 2 - осы операцияларға арналған жұмыс орындарының ауданы; м 2 [15]; η – алаңды пайдалану коэффициенті; η=0,6÷0,7. Жапсырмалар саны бұйымдардың санына сәйкес келуі тиіс, өйткені әрбір бұйымға картон прейскурантты жапсырма және маталы калькуляциялық жапсырма (талон) ілінеді. Автоматтар саны мынадай формула бойынша есептеледі: (7.21) мұндағы М – бір ауысымда бұйымдар шығару, бірлік; Р i - ПЯ -5 немесе УАЛ жартылай автоматының өнімділігі, бірлік/см. Жапсырмаларды дайындауға арналған жұмысшылар саны автоматтардың санына сәйкес алынады. Пішім қоймасының ауданын есептеу. Пішімді бумада сөре - стеллаждарда сақтаған жөн. Пішімді сақтауға арналған секциялардың қажетті санын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі: (7.22) мұндағы F ст . – стеллаждың бір секциясының ауданы, м 2 ; Z – стеллаж секцияларының саны; η – қойма алаңын пайдалану коэффициенті, η = 0,6÷0,7; h – сөре ұяшықтарының саны;
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==