Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
Сурет 2.1 - «Ассортиментті жоспарлау әдісі» белгісі бойынша өндірістік бағдарламаны қалыптастыру әдістерінің классификациясы «Қоймаға» бұйымдарының өндірілуі кезінде тапсырыстың көлемін есептеу кәсіпорынның өндірістік қуатына байланысты жүргізіледі. Бұл жағдайда өткізу мәселелері назарға алынбайды. «Тапсырыс бойынша» өндірісі, ақысы алдын ала төленетін жағдайда және тек толықтай қалыптасқаннан кейін бұйымды дайындауды көздейді. Аралас өндіріс, тұтынушылар тапсырысына бұйымның барлық ассортиментінің бір бөлігін ғана құрастырады, кәсіпорынның қалған өндірістік қуаттары, кейіннен қоймадан сату үшін өнімдер шығарады. Осы қағида бойынша көптеген кәсіпорындар жұмыс істейді - өндірістік бағдарлама алдымен тапсырыс деректеріне негізделеді, содан кейін тапсырыс көлемдері кәсіпорынның өндірістік қуатына байланысты белгіленеді. Тапсырыстың үстінен дайындалған бұйымды сату мәселесін кәсіпорынның өзі шешеді. Егер тапсырыс көлемі өндірістік қуаттан асып кетсе, кəсіпорын бұл тапсырыстан бас тартпауы керек. Бұл мәселені шешудің түрлі жолдары бар: жұмыстың ауысым уақытын ұзарту, демалыс және мереке күндерінде жұмыс жасау, қосымша жұмысшыларды белгілі бір уақытқа жалдау. Соңғы жұмыс принципін Еуропа мен Жапониядағы шетелдік кәсіпорындар қолданады [35 ]. Фирмалық дүкендерге арналған өндірісте, ассортиментті жоспарлау осы дүкендерде жүргізілетін сұранысты талдауға негізделген. Мұндай фирмалар үшін сыртқы тұтынушылар мүлдем болмайды. Шағын кәсiпорындардағы бұл жумыс түрі, тек аз сериялармен ғана жүзеге асырылады. Мультиконтинентальды корпорациялардың жұмысы ерекше назар аударуға лайық. Өнімдер әлемнің түрлі бөліктерінде орналасқан , мамандандырылған дүкендер желісіне жеткізіледі. Өндіріс үлкен сериялар бойынша жүзеге асырылады, бірақ дүкендерден келетін мәліметтерге сүйеніп, сұранысты нақты талдауға негізделген. Әртүрлі елдердің тұтынушылар талғамының ерекшелігіне байланысты, дайындалатын бұйымның түсі мен ассортименттің әртүрлілігін туындайды. Сонымен қатар, өндірістік бағдарлама түскен тапсырыстар негізінде қалыптасады, осы бұйымдарды өндіру кезінде әртүрлі ықпалдардың әсерінен өзгеруі мүмкін. Бұл фактор өндірісті жоспарлаудың ең маңызды сәті болып табылады. Тапсырыс беруші өз тапсырысын ең танымал үлгілерді қолдану арқылы толықтыра алады, түс гаммасын өзгерте алады және өндіріс жоспарына басқа өзгерістер енгізе алады. Мұндай өзгерістер назарға алынады - партияның көлемін экономикалық мақсатқа сәйкес, бұйымды үлкен және кіші серияларда дайындауға болады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==