Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

5 КІРІСПЕ Нан ӛнімдерінде адам ағзасына қажетті кӛптеген маңызды тағамдық заттар, оның ішінде ақуыздар, кӛмірсулар, витаминдер, минералды заттар, тағамдық талшықтар бар. Адам нанды ӛзінің ас мәзірінде тұтыну арқылы кӛмірсуларға қажетті мӛлшерінің жартысын, ақуызға деген қажеттілігінің үштен бірін, В витамин тобының жартысынан кӛбісін, фосфор және темірді қамтамасыз ете алады. Заманауи наубайхана кәсіпорындары үнемі жаңартылған кең ассортимент және жаңа технологияларды енгізумен нан ӛндірісінің технологиялық үдерістерін автоматты және механизация деңгейін жоғарылатумен сипатталады. Наубайхана кәсіпорындарының алдына қойған негізгі міндеті тұтынушылар жақсы бағалайтын жоғары сапалы нан- бӛлішке ӛнімдерін шығару болып табылады. Мұндай ӛнімді тек ӛндірістің барлық технологиялық режимдерін сақтау және мүмкін болған ауытқулардың бәрін тікелей дұрыстау кезінде алуға болады. Нан-бӛлішке ӛнімдерінің сапасын бақылауды жүргізу үшін әртүрлі техникалық құжаттар талаптарына жауап беретін, ӛнімнің шығуын қамтамасыз етететін, кӛзмӛлшерлік, физикалық-химиялық, микробиологиялық әдістер қолданылады. Нан сапасын бақылау оны дайындау үдерісінің сенімділігін тексеруге, дайын ӛнімдердің ақаулығын, жарамсыздығын анықтауға бағытталған ӛндірістік үдерістің негізгі бӛлігі болып табылады. Бұл оқу құралы тағам кәсіпорындары үшін білікті мамандар дайындау бойынша оқу бағдарламасының негізгі құрамды бӛлігі болып табылатын арнайы пән бойынша теориялық курспен бір бүтінді білдіреді. Наубайхана кәсіпорындарында шығарылатын ӛнімдер ассортименттері мынадай топтарға бӛлінеді: нан, бӛлішке

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==