Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
41 Кальций хлориді; Шарап-қышқылды калий-натрий; Натрий гидроксиді; Темір-кӛк түсті Калий; Мырыш күкірт қышқылы; Тұз қышқылы; Қызыл метил; Этил спирті; Тазартылған су. Осы құралдарға ұқсас отандық және импортталған жабдықтарды, зертханалық ыдыс және реактивтерді, метрологиялық сипаттамалары кӛрсетілген параметрлерге сәйкес келген жағдайда қолдануға рұқсат етіледі. Сынаққа дайындау . 1%-дық күкірт қышқылы ерітіндісін дайындау (ерітінді І) . 10 г таза кристалды тұз мыс сульфаты см 3 тазартылған суда ерітіледі, 50 см 3 дистилденген суда 0,04 г метилен кӛк ерітіледі. Ерітінділер кӛлемі 1000 см 3 болатын кӛлемді колбаға құйылады, тазартылған су кӛлемін белгіге дейін жеткізіп, мұқият араластырады. Шарап-қышқылды калий-натрий сілтілі ерітіндісін дайындау (ерітінді ІІ). 50 г шарап-қышқылды калий-натрий 200 см 3 тазартылған суда ерітеді. 300 г тазартылған суда 75 г натрий гидроксиді және 50 см 3 дистилденген суда 4 г калий феррогині ерітіледі. Ерітінділер кӛлемі 1000 см 3 болатын кӛлемді колбаға құйып, тазартылған су кӛлемін белгіге дейін жеткізіп, мұқият араластырады. Сахарозаның стандартты ерітіндісін дайындау . Таза сахарозаны (немесе рафинадты қантты) ерітілген хлорлы кальций (СаСl 2 ) үстінде эксикаторда 3 тәулік ішінде алдын ала кептіреді. 0,1 г сахарозаны ±0,0001 г дәлдікпен ӛлшейді, дистилденген судың 50 см 3 -де ерітеді, мӛлшері бойынша ерітіндіні сыйым- дылығы 100 см 3 ӛлшеуіш колбаға апарады және жоғарыда сипат- талғандай, гидролиз жүргізеді. Гидролизден кейін ерітінді кӛле- мін 100 см 3 дейін жеткізеді. Ерітіндіде 1 см 3 -де 1 мг сахароза бар. Сахароза бойынша мыс-сілтілі ерітіндінің титрін белгілеу. Стандартты сахароза ерітіндісін сыйымдылығы 10 см 3 бюреткаға құяды.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==