Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

40 Сынақ материалындағы қанттың (Х) құрғақ зат құрамын- дағы салмақтық үлесі мына формула бойынша пайызбен есептеледі: = ∗ ∗100∗100 ∗(100− ) , (1.12) Мұндағы: С - бақылау экспериментінде және анықтау кезінде титрлеу үшін қолданылған натрий тиосульфатының ерітіндісінің дәл 0,1 моль/дм 3 мӛлшеріндегі айырма; K – берілген қант түрінің конверсия коэффициенті; m - анықтау үшін алынған сығындыдағы заттың массасы, мг; W - МЕМСТ 21094-75 сәйкес, сынақ материалындағы ылғалдың салмақтық үлесі. Есептеулер 0,1%-ға дейін жүзеге асырылады. Соңғы нәтиже екі параллельді арифметикалық орташа мәнін анықтау болып табылады, олардың арасындағы рұқсат етілген сәйкессіздік бір зертханада 0,5% – дан, ал әр түрлі жағдайда 1% – дан аспауы керек. Ыстық титрлеудің жеделдетілген әдісі Әдістің мәні. Бұл әдіс мыс сілті ерітіндісінде редуцирленген қанттың қайта қалпына келу қабілетіне негізделген. Қанттың массалық салмақ үлесі сынақ қант ерітіндісін мыс-сілті ерітіндісімен титрлеу арқылы анықталады. Керекті зертханалық құралдар, өлшеуіштер, реактивтер және материалдар: Зертханалық таразы ± 0,05 г дәлдікке дейін рұқсат етілген. 5 және 8 минуттық құм сағаты; Су моншасы; Эксикатор; Электрлі плита; Зертханалық шыны сынапты термометр; Кӛлемді колбалар, 1 және 3 нұсқаулы, дәлдігі 2-ші класс, сыйымдылығы 100, 200, 300 және 1000 см 3 ; Сыйымдылығы 50 см 3 тегіс дӛңгелек колбалар; Сыйымдылығы 10 немесе 25 см 3 бюреткалар; Күкірт қышқыл мыс; Кӛк метилен;

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==