Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
38 Натрий карбонаты (Na 2 CO 3 ) немесе натрий карбонаты қышқылы (NaHCO 3 ); Тазартылған су; Метрологиялық сипаттамалары кӛрсетілген параметрлерге сәйкес келетін ұқсас отандық және импортталған жабдықтар, зертханалық шыны ыдыстар мен реактивтер қолдануға рұқсат етіледі. Сынаққа дайындау . Натрий тиосульфаты ерітіндісінің титрін жасау үшін, шыны әйнекпен жабылатын, тығыны бар колбаға немесе кәдімгі колбаға бюреткамен немесе тамшуырмен дәлдігі 20 см 3 0,1 моль/дм 3 калий дихроматының ерітіндісін құйып, шамамен 100 см 3 су қосады, араластыру барысында 4 см 3 концентрацияланған күкірт қышқылы және 4 см 3 30% калий йодиді ерітіндісі қосылады. Колбаның бетін тығынмен немесе шыны әйнекпен жабады, қараңғы жерде 2-3 минутқа қойып қояды, содан кейін натрий тиосульфаты ерітіндісімен ерітіндінің қоңыр түсі ашық сарыға айналғанша, үнемі араластыра отырып титрлейді, содан кейін 1 см 3 3% крахмал ерітіндісін қосады, ерітіндідегі кӛк түс жоғалып, жасыл түске ауысқанша титрлеуді жалғастырады. Дәлдігі 0,1 моль/см 3 ерітіндіге түзету коэффициентін мына формула бойынша табады: = 20 V , (1.11) Мұндағы, K – титрді түзету; V – натрий тиосульфаты ерітіндісінің титрлеу кӛлемі, см 3 . Сынақты жүргізу. Сыйымдылығы шамамен 50 см 3 болатын конустық колбаға, 3 см 3 су сығындысын және 1 см 3 6,9% мыс сульфаты ерітіндісін ӛлшейді. Нақты осы кӛрсеткіштер бойынша алынған жағдайда, бақылау мен негізгі анықтамалардағыдай титрлеудегі айырмашылық 0,7 моль / дм 3 натрий тиосульфаты ерітіндісінің 0,7 – 1,2 см 3 аралығында болса, қанттың жоғары массалық үлесі бар сығындылар 1 см 3 кӛлемінде алынады және 2 см 3 тазартылған су қосады немесе сығындыға алдын-ала қосымша сұйылту
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==