Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
37 бекітілген микротамшуырлары бар бӛтелке. Реагенттерге арналған бӛтелкелер кӛлемі 200 – 300 см3; Мыс сульфатының 6,9%-дық ерітіндісі: салмағы 0,1 г дейін дәлдікпен ӛлшенген 69 г қайта кристалданған мыс сульфатын кӛлемі 1000 см 3 болатын колбадағы суда ерітеді. Калий-натрий тартраты сілтілі ерітіндісі: 346 г кристалды калий-натрий тартратын 0,5 г дейін дәлдікпен ӛлшеп алып 400- 500 см 3 суда жеңіл қыздырылады және сүзеді; 100 г натрий гидроксидін 200-300 см 3 суда ерітеді. Екі ерітінді де сыйымдылығы 1000 см 3 болатын кӛлемді колбада аралас- тырылады және суығаннан кейін белгіге дейін су құйылады. Күкірт қышқылының 25%-дық ерітіндісі: концентрация- ланған күкірт қышқылының бір кӛлемін алты кӛлемді сумен араластырады. Калий йодидінің 30%-дық ерітіндісі: сыйымдылығы 100 см 3 кӛлемді колбада 30 г калий йодиді суда ерітіледі. Еритін крахмалдың 1%-дық ерітіндісі: 1 г крахмал алдымен аз мӛлшерде (шамамен 20 см 3 ) натрий хлориді немесе калийдің қаныққан ерітіндісімен араластырылады, содан кейін қайнатылған тұздың қаныққан ерітіндісіне құйылады (шамамен 80 см 3 ), осылайша жалпы кӛлемі 100 см 3 -ге тең болады, шамамен 1 минут қайнатылады және салқындатылады. Бұндай ерітінді ұзақ уақыт бойы еш ӛзгеріссіз сақталады. Натрий тиосульфатының 0,1 моль/дм 3 ерітіндісі: 25 г натрий тиосульфаты (Na 2 S 2 O 3 ×5H 2 O) жаңадан қайнатылып және салқындатылған дистилденген суда сыйымдылығы 1000 см 3 болатын колбада ерітіледі. Алынған ерітіндіге 0,1 г натрий карбонаты (Na 2 CO 3 ) қосылады, оны 1 тәулікке қалдырады және 0,1 н калий дихроматының титрі орнатылады. Натрий гидроксидінің 4 және 10% сулы ерітіндісі немесе калий гидроксидінің 5,6 және 10% сулы ерітінділері. Калий дихроматының 0,1 моль/дм 3 ерітіндісі: 4,9036 г екі рет қайта кристалданған және 150 0 С температурада кептірілген K 2 Cr 2 O 7 суда ерітіп, ерітіндіні 1 дм 3 -ге жеткізеді. Тұз қышқылының 20%-дық ерітіндісі: 496 см 3 тұз қышқылын сумен 1 дм 3 кӛлеміне дейін сумен толтырылады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==