Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

36 температурасына дейін тез салқындатылады (20±4 о C) және қарқынды араластыру кезінде 10% натрий гидроксиді немесе калий гидроксиді ерітіндісімен метил қызылдан сары-қызғылт түске дейін бейтарапталады. Бейтараптандырған кезде сілтілік ортада моносахарозаның ыдырайтынын есте ұстаған жӛн. Бейтараптандырғаннан кейін колбаның белгісіне дейін дистилденген сумен толтырылады және ол жақсылап араластырылады. Алынған ерітінді тӛменде сипатталған әдістердің барлық түрлері үшін оның құрамындағы қант мӛлшерін анықтауға қолданылады. Жеделдетілген йодометриялық әдіс. Әдістің мәні. Бұл әдіс мыс сілті ерітіндісін қантпен қалпына келтіруге дейінгі және кейінгі мыс оксиді мӛлшерін анықтауға негізделген. Мыс оксидін есептеу иодометриялық әдіспен жасалады. Керекті зертханалық құралдар, өлшеуіштер, реактивтер және материалдар: Зертханалық таразы ± 0,05 г дәлдікке дейін рұқсат етілген; 2 және 3 минуттық құм сағаты; Су моншасы; Электрлі плита; Зертханалық шыны сынап термометрі; Кӛлемді колбалар, сыйымдылығы 500 және 1000 см 3 ; Конустық колбалар 50 және 250 см 3 сыйымдылықты; Сыйымдылығы 1,2,5 және 20 см3 болатын тамшуырлар; 25 немесе 50 см 3 сыйымдылығы бар бюреткалар; Зертханалық штатив; Мыс сульфаты ерітіндісін және титрленген натрий тиосульфатының ерітіндісін ӛлшеуге арналған зертханалық штативте немесе микробюреткада орнатылған ұшы аздап тартылған қондырғы; Микробюретканың бӛлу мәні 0,02 см 3 аспауы керек; Калий натрий шарап қышқылды, калий йодидті және күкірт қышқылды ерітінділеріне арналған резеңке тығындарға

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==