Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
33 Тұздалған сары май және маргарин үшін май мӛлшері (%- бен) мынадай формула бойынша есептеледі: Мм = 100 – (СН2О + С + 1,5), (1.9) Мұндағы, С Н2О – маргариндегі судың мӛлшері, кг; С NaCl – маргариндегі тұздың мӛлшері, кг; 1,5 – маргариндегі ақуыздың, минералды тұздардың және кӛмірсулардың шамамен алғандағы құрамы. Тұздалмаған сары май және маргарин үшін май мӛлшері (%- бен) тӛмендегідей анықталады: Мм = 100 – (СН2О + 1,5), (1.10) Сынаманы дайындау . Зертханалық үлгіден қант пен майды анықтау үшін кемінде 300 г ӛнім бӛлініп алынады. Жұмсақ ортасы шектелген немесе қабықтан оңай бӛлінетін ӛнімдерде, мысалы, нан, бӛлке, халалар, сдобаларда (қаттама ӛнімдерден басқа) тек жұмсақ ортасын талдайды. Басқа ӛнімдерде (баранкалар, кептірілген нан және т.б.) бүтіндей үлгіні (қабығымен) талдайды. Ӛнімдерден барлық қосылыстарды (езбе, тосап, мейіз және т.б.) және беткі ӛңдеулерді (себілген қант, кӛкнәр және т.б.) алып тастайды. Қабығы алынып тасталғаннан кейін үлгілерді мұқият ұсақтайды, араластырады және жақсы оралған тығыны бар банкаға салады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==