Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
31 ерітіндісімен бояуды сары-жасыл түстен қызыл-қоңырға айналғанша дейін титрлейді. Нәтижелерді өңдеу. Ас тұзының массалық үлесін (N 1 ) құрғақ затқа пайызбен кӛрсетеді және мынадай формула бойынша есептеп табады: 1 = ∗0,005845 ∗ 1 ∗100 2 ∗ ∗ 100 100− , (1.8) Мұндағы, V – титрлеуге жұмсалған 0,1 моль/дм 3 азот-қышқыл күміс ерітіндісінің кӛлемі, см 3 ; V 1 - сулы сығындыны дайындау үшін алынған су кӛлемі, см 3 ; V 2 - титрлеу үшін жұмсалған ерітінді кӛлемі, см 3 ; m - ӛнімнің салмағы, г, W - тұрақты массаға дейін кептірілген сыналатын ӛнімде анықталған ылғалдың салмақтық үлесі%; 0,005845 - 0,1 моль / дм 3 азот-қышқыл күміс ерітіндісі 1 см 3 сәйкес хлорлы натрий массасы, г. Есептеулер 0,1 % дейінгі дәлдікпен жүргізіледі. Соңғы нәтиже ретінде бір сүзгі үшін екі параллель титрлеудің орташа арифметикалық мәні қабылданады, олардың арасындағы алшақтықтар 0,1%-дан аспауы тиіс. 1.2.5 Нан-бӛлішке және сдобалы ӛнімдердегі қант пен майдың рецептуралық мӛлшерін бақылау Рецептурасына қант пен май қосылатын нан-бӛлішке ӛнімдерін ӛндірудің айтарлықтай кеңеюіне байланысты осы ӛнімдердің рецептураларын қадағалау дәлдігін бақылау маңызды болып табылады. Бұл бақылауды екі тәсілмен жүзеге асыруға болады: дайын ӛнімдердегі қант пен майдың құрамын аналитикалық анықтау әдістерімен және де қамырға енгізген кезде қант пен майды бақылау ӛлшеу арқылы рецептураны қадағалау дәлдігін ӛндірісте тексеру.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==