Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
29 колбаға бӛлме температурасындағы суды белгіге дейін құяды, содан кейін шамамен 1/4 кӛлемді ӛлшеуіші бар бӛтелкелерге құйып, біркелкі масса алғанға дейін тез жуылады. Бұл қоспаға қалған су құйылады, колбаны тығынмен жабады, 2 мин бойы қарқынды шайқайды және 10 мин бӛлме температурасында қалдырады. 8 мин ӛткеннен кейін қалған сұйық қабатты тесігі кӛп електен немесе дәкеден құрғақ стақан арқылы абайлап құяды, одан кейін сыйымдылығы 100-150 см 3 –ден 25 см 3 сүзгіш екі конустық колбаға алынады. Сүзгілердің әрбір порциясына 2 тамшы концентрленген азот қышқылын, дифенилкарбазидтің қаныққан ерітіндісінің 3-5 тамшысын қосады, жақсылап араластырады және бозғылт-күлгін бояу пайда болғанға дейін азот-қышқыл тотықты сынап ерітіндісімен 0,05 моль/дм 3 титрлейді. Нәтижелерді өңдеу. Ас тұзының массалық үлесі (N) пайызда мынадай формула бойынша есептеледі: N= ∗ 1 ∗0,0029∗100 ∗ 2 , (1.7) Мұндағы, V – титрлеуге жұмсалған азот-қышқыл тотықты сынап ерітіндісінің 0,05 моль/дм 3 кӛлемі, см 3 ; V 1 – сулы сығындыны дайындау үшін алынған су кӛлемі, см 3 ; V 2 – титрлеу үшін алынған сүзгіш кӛлемі, см 3 ; m – ӛнімнің ӛлшенді салмағы, г; 0,0029 - хлорлы натрийге қайта есептегенде 0,05 моль/дм 3 сынап азот-қышқыл тотығы ерітіндісінің пайдаланылатын титрі, г/см 3 . Нан-бөлішке өнімдеріндегі тұзды анықтаудың аргентометриялық әдісі Әдістің мәні. Әдіс хлоридтерді азот қышқылды күміспен хром қышқылды аммоний немесе хром қышқылды калий индикаторының қатысуымен титрлеуге негізделген.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==