Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

28 Ағаш күрек немесе резеңке ұштығы бар шыны таяқша; Елек; Медициналық дәке; Азот қышқылды бір сулы сынап (II) немесе сары тотық, 0,05 моль/дм 3 концентрленген азот қышқылындағы ерітінді; Концентрленген азот қышқылы, тығыздығы 1,41 г/см 3 , х. т. Дифенилкарбазид 1,5 индикаторы, спирттегі қаныққан ерітінді; Тазартылған су; Ауыз су: Сыйымдылығы 500 см 3 бӛтелкелер (сүтке арналған сияқты). Ерітінділерді дайындау. Спирттегі дифенилкарбазидтің қаныққан ерітіндісі: 100 мл 96%-дық спиртке ерітуді тоқтатқанға дейін (кристалдардың түбінде ерімейтін зат пайда болғанға дейін) ұнтақ тәрізді аз аздаған үлестермен индикатор қосады. Азот қышқылында азот-қышқыл тотықты сынаптың ерітіндісін: 8,5 г азот-қышқыл тотықты сынапты 7-10 см 3 концентрленген азот қышқылында ерітеді, содан кейін ерітіндіні мӛлшері 1 дм 3 сыйымдылығымен ӛлшеуіш колбаға апарады, дистилденген сумен кӛлемін белгіге дейін жеткізеді, мұқият араластырады және қағаз бүктелген сүзгі арқылы сүзеді. Ерітіндіні жарық түспейтін күңгірт шыныдан жасалған сауытта сақтайды. 5,5 г сары сынаптың тотығын 7-10 см 3 концентрленген азот қышқылында ерітеді, содан кейін ерітіндіні саны жағынан сыйымдылығы 1 дм 3 ӛлшеу колбасына апарады, дистилденген сумен кӛлемін белгіге дейін жеткізеді, мұқият араластырады және қағаз қатпарлы сүзгі арқылы сүзеді. Ерітіндіні жарық түспейтін күңгірт шыныдан жасалған сауытта сақтайды. Дифенилкарбазид индикаторы қаныққан спирттік ерітіндіні қою шыныдан жасалған шыны ыдыста (сауытта) сақтайды. Сынақ жүргізу. 0,05 г-ға дейінгі дәлдікпен ӛлшенген ӛнім үлгісінің (25 г) сынамасын сыйымдылығы 500 см 3 құрғақ жақсы оралған тығыны бар бӛтелкелерге салады. Сыйымдылығы 250 см 3 ӛлшеуіш

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==